Биоремедиация (лат. bios — тіршілік, remedium — қалпына келтіру) — ластанған топырақты, жер асты және жер үсті суларын, сондай-ақ түптік шөгінділерді улы химиялық қосылыстардан (мұнай көмірсутектері, пестицидтер, ауыр металдар, радионуклидтер) биологиялық агенттердің көмегімен тазарту кешені.