Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Қоршаған ортаның экологиялық сыйымдылығы, Глоссарий., Пайдаланылған…
-
Глоссарий.
Экологиялық сыйымдылық -табиғи ортаның белгілі бір экологиялық жүктемені көтеріп, өзінің табиғи тепе-теңдігін сақтау мүмкіндігі.
Экологиялық жүктеме -адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде табиғи ортаға түсетін әсерлердің жиынтығы.
Гидросфера -Жер шарындағы мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, мұздықтар және жер асты суларының жиынтығы.
Антропогендік ластану -адам әрекетінен ауаға, суға және топыраққа зиянды заттардың түсуі.
-
Қышқыл жаңбыр - атмосферадағы күкірт және азот оксидтерінің су буымен әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін қышқыл жауын-шашын.
Озон қабаты - атмосфераның стратосфера бөлігінде орналасқан, Күннің зиянды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озонға бай қабат.
Эвтрофикация -су қоймаларында азот пен фосфор қосылыстарының шамадан тыс жиналып, балдырлардың қарқынды көбеюі.
Агрохимиялық ластану -тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс қолдану нәтижесінде топырақ пен судың ластануы.
Өндірістік ластану -зауыттар мен фабрикалардан шығатын зиянды газдар, химиялық заттар және қалдықтардың қоршаған ортаға таралуы.
Биоалуантүрлілік - тірі ағзалардың генетикалық, түрлік және экожүйелік алуан түрлілігі.
Тұрақты даму -қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтың мүмкіндіктеріне зиян келтірмей даму.
Экологиялық тепе-теңдік -табиғи ортадағы тірі ағзалар мен қоршаған орта компоненттері арасындағы салыстырмалы тұрақты байланыс.
-