Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Ауылшаруашылық биотехнологиясы: биотыңайтқыштар және биопестицидтер -…
Ауылшаруашылық биотехнологиясы: биотыңайтқыштар және биопестицидтер
Ауылшаруашылық биотехнологиясы – өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында және топырақ құнарлылығын арттыруда тірі организмдерді, микроорганизмдерді, жасушаларды және биологиялық үдерістерді қолданатын ғылым саласы.
Негізгі мақсаты:
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру.
Топырақтың табиғи құнарлылығын сақтау.
Химиялық тыңайтқыштарды қолдануды азайту.
Өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау.
Экологиялық таза ауыл шаруашылығын дамыту.
Биотыңайтқыштардың әсер ету механизмдері
Биотыңайтқыштар – құрамында өсімдіктердің қоректенуін жақсартатын тірі пайдалы микроорганизмдер бар биологиялық препараттар.
Олар топырақтағы қоректік элементтердің өсімдікке қолжетімділігін арттырады.
Биотыңайтқыштардың негізгі микроорганизмдері:
Rhizobium -Бұршақ тұқымдастардың тамырында азот фиксациялайды.
Azotobacter-Атмосфералық азотты байланыстырады.
Azospirillum-Тамыр жүйесінің дамуына ықпал етеді.
Азот фиксациясы – атмосферадағы азотты өсімдіктер пайдалана алатын қосылыстарға айналдыру.
Фосфаттарды еріту – топырақтағы қиын еритін фосфор қосылыстарын өсімдікке қолжетімді ету.
Фитогормондар өндіру – ауксин сияқты заттар арқылы тамырдың өсуіне ықпал ету.
Стресске төзімділікті арттыру – өсімдіктің тұздану мен құрғақшылыққа төзімділігіне көмектесу.
Топырақ микрофлорасын жақсарту – пайдалы микроорганизмдердің белсенділігін қолдау.
Биопестицидтер – өсімдіктерді зиянкестерден, ауру қоздырғыштарынан және кейбір арамшөптерден қорғау үшін қолданылатын биологиялық текті препараттар.
Олардың негізін бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар немесе олардың биологиялық белсенді өнімдері құрайды.
негізгі биопестицидтер:
Bacillus thuringiensis-Жәндіктердің дернәсілдеріне қарсы
Trichoderma harzianum-Өсімдік тамырындағы саңырауқұлақ ауруларын тежеуге көмектеседі.
Beauveria bassiana-Зиянды жәндіктерді зақымдайтын энтомопатогенді саңырауқұлақ.
Әсер ету жолдары
Биопестицидтердің әсер ету жолдары
Антагонизм: пайдалы микроорганизмдер патогендердің өсуін тежейді.
Паразитизм: кейбір саңырауқұлақтар зиянды организмдерді зақымдайды.
Токсин өндіру: кейбір бактериялар жәндіктерге әсер ететін арнайы токсиндер түзеді.
Бәсекелестік: пайдалы микроорганизмдер қоректік заттар мен тіршілік ортасы үшін патогендермен бәсекелеседі.
Мысалы, Bacillus thuringiensis бактериясы түзетін арнайы ақуыздық токсиндер белгілі бір жәндіктердің дернәсілдерінің ішегіне әсер етеді.
Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері
Қазақстанда топырақ микроорганизмдерін зерттеу, жергілікті бактерия штамдарын бөліп алу және олардың негізінде биологиялық препараттар әзірлеу бағытында ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
А. Науанова және зерттеу тобы
Солтүстік Қазақстан топырағындағы пайдалы микроорганизмдерді зерттеген. 2025 жылғы зерттеуде алты түрлі топырақтан 100 бактериялық штамм бөліп алынған. Оның 30-ы молекулалық әдіспен зерттелген.
Нәтижесінде кейбір штамдардың арпа, бидай және сұлы тұқымдарының өнуіне оң әсері анықталған. Мысалы, 69S штамы арпаның тамыр ұзындығын бақылаумен салыстырғанда 73%-ға арттырған.
А. Конкыбаева және А. Науанова (2024)
Солтүстік Қазақстанның әртүрлі топырақ типтеріндегі азот бекітуші микроорганизмдер мен актиномицеттерді зерттеген.
100-ден астам жаңа бактерия және актиномицет штамдары бөлініп алынған.
Олардың ішінен 30 белсенді штамм іріктелген.
Болашақта оларды биотыңайтқыштар мен микробиологиялық препараттар жасауға пайдалану көзделген.
Тақырып бойынша қызықты ғылыми деректер
бір грамм құнарлы топырақта миллиондаған, кейде миллиардтаған микроорганизм жасушалары кездеседі.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырындағы түйнек бактериялары атмосфералық азотты байланыстырады.
Кейбір бактериялар өсімдік тамырын құрғақшылық пен тұздану стрессінен қорғауға көмектеседі.
Bacillus thuringiensis бактериясы биологиялық жәндікке қарсы препараттар өндіруде пайдаланылады.
Түркістан облысынан алынған Bacillus megaterium PEF-1 штамы мақтаның тұзды топырақта өсу мүмкіндігін зерттеуде маңызды нәтиже көрсеткен.
Ауылшаруашылық биотехнологиясында биотыңайтқыштар мен биопестицидтерді пайдалану – қазіргі заманғы экологиялық таза егіншіліктің маңызды бағыттарының бірі. Пайдалы микроорганизмдер топырақ құнарлылығын арттырып, өсімдіктердің өсуін ынталандырады және зиянды организмдермен күресуге мүмкіндік береді. Қазақстандық зерттеулер, әсіресе Солтүстік Қазақстан мен Түркістан өңіріндегі ғылыми жұмыстар, жергілікті микроорганизмдер негізінде биологиялық препараттар әзірлеудің болашағы зор екенін көрсетеді.