Артур Тенсли экология ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Ол 1913 жылы Британдық экологиялық қоғамның алғашқы президенті болды. Сонымен қатар 1902 жылы New Phytologist ғылыми журналын құруға бастамашы болды.Оның зерттеулері кейінгі эколог ғалымдарға табиғатты тұтас жүйе ретінде зерттеуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде экожүйелерді зерттеу, табиғи ресурстарды қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және қоршаған ортаның өзгерістерін бағалау кезінде Тенсли енгізген ұғым кеңінен қолданылады.
Мысалы, орманды экожүйе ретінде алсақ, ондағы ағаштар, бұталар, құстар, жәндіктер, топырақ, су және ауа өзара байланыста болады. Егер осы компоненттердің бірінде өзгеріс болса, ол бүкіл экожүйеге әсер етуі мүмкін.Осы көзқарас қазіргі экология ғылымындағы экожүйелік зерттеулердің дамуына негіз болды.