Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Омыртқалы жануарлардағы органогенез - Coggle Diagram
Омыртқалы жануарлардағы органогенез
Негізгі сатылары
1-саты: Нейруляция — ұрықтың біліктік мүшелер кешенінің (жүйке түтігі, хорда, сомиттер) қалыптасуы.
2-саты: Мүшелердің дифференциациясы — гистогенез (ұлпалардың түзілуі) және морфогенез (мүше пішінінің қалыптасуы).
Жасушалық және ұлпалық механизмдер:
Пролиферация: жасушалардың қарқынды митоздық бөлінуі және санының артуы.
Миграция: жасушалардың белгілі бір бағытта қозғалып, жаңа орынға орналасуы (мысалы, жүйке айдаршасы жасушалары).
Эмбриональды индукция: бір ұрық бөлігінің (индуктор) көршілес бөлікке әсер етіп, даму бағытын анықтауы.
Жасушалық адгезия: кадгериндер мен интегриндер арқылы ұқсас жасушалардың бірігуі.
• Апоптоз: бағдарламаланған жасуша өлімі (саусақ аралық жарғақтардың жойылуы, бақа дернәсілінде құйрықтың редукциясы).
Нейруляция және біліктік мүшелердің дамуы
Нейруляция кезеңдері:
Жүйке тақташасы: хорданың индукциялық әсерінен дорсальды эктодерманың қалыңдауы.
Жүйке түтігі: жүйке біліктерінің түйісуі (алдыңғы бөлігінен ми, артқы бөлігінен жұлын дамиды).
Жүйке науашасы мен біліктері: тақташа жиектерінің көтеріліп, ортасының ойысуы.
• Нейропорлар: жүйке түтігінің алдыңғы және артқы уақытша ашық ұштары.
Жүйке айдаршасы (Neural crest):
Омыртқалыларға ғана тән ерекше «төртінші ұрық жапырақшасы». Оның туындылары:
Пигментті жүйе: тері мен шаштың меланоциттері.
Перифериялық жүйке жүйесі: жұлын және вегетативті ганглийлер, Шванн жасушалары.
Бас бөлігінің қаңқасы: бет-жақ қаңқасының шеміршектері мен сүйектері, тіс дентині.
• Эндокриндік бөлік: бүйрекүсті безінің милы қабаты (хромаффинді жасушалар).
Хорда және мезодерманың жіктелуі:
Эпимера (Дорсальды мезодерма): сомиттерге (бунақтарға) бөлінеді.
Хорда (желі): алғашқы біліктік қаңқа, кейін омыртқааралық дискілердің пульпозды ядросына айналады.
Мезомера (Аралық мезодерма): нефрогонотом (зәр-жыныс жүйесінің бастамасы).
• Гипомера (Латеральды мезодерма): париетальды және висцеральды жапырақшаларға ажырайды.
Ұрық жапырақшаларынан дамитын мүшелер
Эктодерма (Сыртқы жапырақша):