Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Ғылыми жұмыстардың құрылымы - Coggle Diagram
Ғылыми жұмыстардың құрылымы
Дипломдық жұмыс – студенттің оқу барысында алған білімін пайдаланып, белгілі бір ғылыми немесе практикалық мәселені өз бетінше зерттеуге арналған қорытынды жұмыс.
Титулдық бет – оқу орны, факультет, мамандық, жұмыс тақырыбы және автор туралы ақпарат.
Мазмұны – дипломдық жұмыстың барлық бөлімдері мен тарауларының тізімі.
Кіріспе – тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні анықталады
Негізгі бөлім – зерттеу, тәжірибе, сауалнама немесе есептеулер жүргізіліп, нәтижелері көрсетіледі.
Қорытынды – зерттеу нәтижелері қорытындыланып, ұсыныстар беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер – зерттеу барысында пайдаланылған ғылыми еңбектер мен ақпарат көздері.
Магистрлік диссертация – магистранттың ғылыми зерттеуде теориялық білімін және зерттеуін көрсететін ғылыми жұмыс.
Титулдық бет – диссертация тақырыбы, магистрант пен ғылыми жетекші туралы мәліметтер.
Аңдатпа – зерттеу жұмысының мақсаты, негізгі нәтижелері мен мазмұны қысқаша баяндалады.
Кіріспе – зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні және ғылыми жаңалығы сипатталады.
Негізгі бөлім-ғылыми зерттеу барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдер арқылы тақырбын зерттейді
Негізгі зерттеу бөлімі – ғылыми мәселе зерттеліп, тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, алынған нәтижелер талданады.
Қорытынды – зерттеу нәтижелері жинақталып, ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
Кіріспе – зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні және ғылыми жаңалығы көрсетіледі.
PhD диссертациясы – докторанттың өзіндік ғылыми зерттеу жүргізу қабілетін, ғылымға қосқан үлесін және жаңа ғылыми нәтижелерін көрсететін жоғары деңгейдегі ғылыми жұмыс.
Зерттеу әдіснамасы – ғылыми мәселені зерттеуде қолданылатын теориялық және тәжірибелік әдістер негізделеді.
Авторлық ғылыми үлес – докторанттың өз бетінше жүргізген зерттеуі және ғылымға қосқан жеке үлесі көрсетіледі.
Жарияланымдар – диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми мақалалар мен еңбектер көрсетіледі.
Ғылыми жаңалық – ғылымға бұрын белгісіз болған жаңа нәтижелер, тұжырымдар немесе ғылыми шешімдер ұсынылады.
Қорытынды – зерттеудің негізгі нәтижелері, ғылыми жаңалығы және ғылымға қосқан үлесі тұжырымдалады.
Курстық жұмыс – студенттің белгілі бір пән бойынша алған білімін бекітуге және ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға арналған жұмыс.
Кіріспе – тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні.
Теориялық бөлім – ғылыми әдебиеттер мен авторлардың көзқарастарын зерттеу, теориялық ақпараттарды талдау.
Талдау бөлімі – зерттелетін мәселенің қазіргі жағдайын қарастыру, мысалдар мен деректерді талдау
Практикалық бөлім – теориялық білімді тәжірибеде қолдану, есептер шығару немесе зерттеу жүргізу.
Қорытынды – зерттеу нәтижелерін жинақтау, негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.