Адам экологиясына әсер ететін негізгі факторлар
Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасына табиғи, әлеуметтік және антропогендік факторлар әсер етеді. Табиғи факторларға климат, температура, ауа ылғалдылығы, су мен топырақтың жағдайы жатады. Әлеуметтік факторларға халықтың тұрмыс деңгейі, еңбек жағдайы, тамақтануы және өмір сүру салты кіреді. Ал антропогендік факторлар адамның шаруашылық әрекетінен туындайды. Мысалы, көлік түтіні, өндіріс қалдықтары, ормандардың кесілуі және су көздерінің ластануы. Бұл факторлардың барлығы адамның денсаулығы мен өмір сапасына тікелей немесе жанама әсер етеді.