Химиялық факторларға ауада, суда немесе топырақта кездесетін зиянды химиялық қосылыстар жатады. Оларға қорғасын, сынап, кадмий сияқты ауыр металдар, көміртек тотығы, күкірт диоксиді, азот оксидтері және пестицидтер жатады. Мысалы, ауыр металдар адам ағзасына ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде түссе де, біртіндеп жиналып, жүйке жүйесіне, қан түзілуіне және басқа физиологиялық процестерге кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан химиялық ластанудың ерекшелігі-оның әсері кейде бірден байқалмай, ұзақ уақыттан кейін көрінуі мүмкін.