Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Плазмидтер, рестрикциялық ферменттер және рекомбинантты ДНҚ технологиясы
…
Плазмидтер, рестрикциялық ферменттер және рекомбинантты ДНҚ технологиясы
Рекомбинантты ДНҚ технологиясы — әртүрлі биологиялық көздерден алынған ДНҚ фрагменттерін жасанды түрде біріктіріп, оларды арнайы тасымалдаушы молекула арқылы қабылдаушы жасушада көбейтуге немесе экспрессиялауға мүмкіндік беретін молекулалық-генетикалық әдістер жиынтығы. Бұл технологияның негізгі үш құрамдас бөлігі — плазмидтер, рестрикциялық эндонуклеазалар және ДНҚ-лигаза.
Плазмидтер бактериялардың хромосомадан тыс орналасқан, көбіне сақина тәрізді, өздігінен репликациялана алатын ДНҚ молекулалары болып табылады. Ал рестрикциялық ферменттер ДНҚ-ны белгілі бір нуклеотидтік реттіліктерден кеседі. Осы екі қасиетті ДНҚ-лигазаның ДНҚ фрагменттерін қайта біріктіру қабілетімен ұштастыру рекомбинантты ДНҚ молекулаларын жасауға мүмкіндік берді.
Бұл бағыттың қазіргі молекулалық биологияға енуі негізінен 1970-жылдардың басында жүзеге асты. 1972 жылы Пол Берг және әріптестері әртүрлі ДНҚ молекулаларын ковалентті біріктіруге мүмкіндік беретін әдісті көрсетті, ал 1973 жылы Стэнли Коэн, Энни Чанг, Герберт Бойер және Роберт Хеллинг функционалды рекомбинантты плазмидтерді Escherichia coli жасушаларында көбейтуге болатындығын көрсетті.
Плазмид — бактерия жасушасының негізгі хромосомасынан бөлек орналасатын және автономды репликациялануға қабілетті ДНҚ молекуласы)
-
Қасиеті
Плазмидтің маңызды қасиеті — оның көшірме саны. Мысалы, классикалық pBR322 плазмидасы E. coli жасушасында шамамен 15–20 көшірме, ал pUC қатарындағы жоғары көшірмелі плазмидтер 500–700 көшірмеге дейін кездесуі мүмкін.
Бұл айырмашылық өте маңызды: жоғары көшірмелі плазмид қолданылған кезде зерттеуші бір жасушадан алынатын рекомбинантты ДНҚ мөлшерін айтарлықтай арттыра алады.
-
-
-
-
-
-
Яғни плазмидтің репликациялық жүйесін өзгерту ДНҚ мөлшерін бірнеше ондаған есеге арттыруға мүмкіндік береді.
-
Рекомбинантты ДНҚ молекуласын құрастыру принципі
-
-
-
-
-
-
Қазақстандағы зерттеулер
-
-
Ұлттық биотехнология орталығының зерттеушілері A. Mussakhmetov, A. Turgimbayeva және B. Khassenov адам интерферон-гаммасының генін Escherichia coli жасушаларында экспрессиялау технологиясын зерттеген. Зерттеуде hIFNG гені бактериялық жүйеде тиімді экспрессияланған.
-
-
-
Яғни зерттеушілердің мақсаты қажетті адам генетикалық ақпаратын бактериялық экспрессиялық жүйеге енгізіп, нәтижесінде рекомбинантты ақуыз алу болған.
-
2014 жылы Қазақстанның Ұлттық биотехнология орталығының зерттеушілері термостабильді рекомбинантты фитазаны E. coli жасушаларында өндіру бойынша зерттеу жариялаған.
-
Е.Б. Евтыхова, Д.В. Силаев, А.Ж. Балтабекова, А.В. Шустов.
-
-
-
-
Бұл жерде рекомбинантты ДНҚ технологиясының көмегімен қажетті ферментті микроорганизм арқылы өндіру мүмкіндігі зерттелген.
-
рекомбинантты ДНҚ технологиясының ауыл шаруашылығы биотехнологиясындағы қолданылуына Қазақстаннан мысал
-
-
-
2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеушілері тұмау вирусының гемагглютининіне қатысты рекомбинантты ақуыз алған.
-
Одан кейін бактерияда рекомбинантты ақуыздың экспрессиясы жүзеге асырылып, ол металл-аффиндік хроматография арқылы тазартылған.
-
-
-
-
-
Алынған рекомбинантты ақуыз кейін кристаллографиялық зерттеулер мен ақуыздың үшөлшемді моделін құруға пайдаланылуы жоспарланған.
-