Тұжырымдама 8 негізгі бағыт пен 13 мақсатты индикаторды қамтиды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
· Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА): 2035 жылға қарай аумақты 31 млн гектардан 33,2 млн гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
· Орман қоры: Орманмен жабылған аумақты 13,9 млн га-дан 14,7 млн га-ға жеткізу көзделген.
· Сирек кездесетін түрлер: Балоба, дала қыраны сияқты жыртқыш құстардың санын көбейту, құлан, қарақұйрық, Пржевальский жылқысы, қар барысы сияқты түрлердің жаңа топтарын құру, сондай-ақ жолбарысты реинтродукциялауды бастау жоспарланған.
· Қызыл тізім: МСОП критерийлері бойынша Қазақстан фаунасының барынша көп түрінің табиғатты қорғау мәртебесін бағалайтын Қызыл тізімді жүргізу басталады.
· Экожүйелерді есепке алу: Экологиялық кодекстің нормаларын іске асыру аясында биоалуантүрлілікті стратегиялық, аумақтық және салалық жоспарлауға кіріктіру, сондай-ақ Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) процедураларына биологиялық критерийлерді енгізу қарастырылған.
-