Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Әдеби зерттеу әдістерінің түрлері - Coggle Diagram
Әдеби зерттеу әдістерінің түрлері
Типтік белгілеріне қарай ғылыми әдістер
Философиялық әдістер
жалпығылыми тұрғыдан қарастыру және зерттеу әдістері
таза ғылыми әдістер
пәндік әдістер
пәнаралық зерттеулердің әдістері
Эмпириялық таным
Бақылау — объективті шындықты, әдеби құбылыстарды мақсатты әрі арнайы түрде қабылдау
Мысал: Сәкеннің 1916-19ж революция, Атаман Анненков пен Колчак әскерлерінің «азап вагонындағы» тұтқындарға жасаған қорлықтарын өз көзімен көріп, бақылап, романда шынайы сипаттауы.
Суреттеу — зерттеу нысандары (объектілері) туралы мәліметтерді табиғи немесе жасанды тіл құралдары арқылы тіркеу, бекіту.
Мысал: Романның «азап вагонында» немесе түрмеде, лагерде болған тұтқындардың, кейіпкерлердің (Сәкен, Абдолла, Ниязбек т.б.) азып-тозған сыртқы келбеттерін суреттер арқылы бейнелеуі.
Өлшеу — нысандардың ұқсас қасиеттері мен белгілерін өзара салыстыру.
Мысал: Шығармадағы саяси күштерді салыстыру — бір тарапта Алаш орда өкілдерінің (А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов) ұстанған ұлттық бағыты мен екінші тарапта большевиктердің (С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов) көзқарастарын, мақсат-мүдделерін өзара салыстыра отырып бағалау.
Тәжірибе жасау (эксперимент) — белгілі бір құбылыс қайталанған кезде, оған әсер ететін жағдайлардың өзгерісін арнайы дайындалған құралдар арқылы зерттеу.
Мысал: Сәкеннің саяси идеяларды тек теория түрінде қалдырмай, «Жас қазақ» ұйымын құрып, газет шығаруы, ағартушылық жұмыстар жүргізуі және түрмеден қашып шығу сияқты нақты тәжірибелік әрекеттер арқылы өз күресін дәлелдеуі.
Танымдық әдістер
Талдау (анализ) — әдеби шығарманы немесе құбылысты бөлшектерге бөліп зерттеу.
Мысал: Романды жекелеген оқиғалар мен тарауларға («Ажал вагонында», «Азаттық күнінде», «Түрмеден қашу») бөліп, әр кезеңдегі саяси қайшылықтардың себебі мен салдарына жеке-жеке талдау жасау.
Синтез — бөлек элементтерді бір тұтас жүйеге біріктіру.
Мысал: Қазақ даласындағы 1916–1919 жылдардағы әртүрлі оқиғаларды (көтеріліс, төңкеріс, азамат соғысы, ақтардың белағаш лагері) бір арнаға біріктіре келе, романның «қазақ халқының бостандық пен теңдік жолындағы ауыр, тайғақ кезеңі» деген тұтас басты идеясын қорытып шығару.
Индукция — жеке фактілерден жалпы тұжырымдарға өту.
Бай, молда, казак-орыстар, қазақтар, тұтқындардың жағдайлары арқылы сол уақыттағы жалпы халықтың жағдайын көре аламыз.
Дедукция — жалпы заңдылықтардан жеке салдарлар мен қорытындылар шығару.
Мысал: Большевиктердің жағдайынан жеке кейіпкерлерді тану. Большевиктер: Сәкен, Құсайын, Байсейіт т.б.
Өмірбаяндық және автобиографиялық әдіс - зерттеушінің немесе автордың жеке өмір жолын, бастан кешкен оқиғаларын тарихи шындықпен сабақтастыра отырып көрсетуі.
Романның өзі – Сәкен Сейфуллиннің жеке автобиографиялық мемуары. Онда автордың «Жас қазақ» ұйымын құруы, түрмелердегі азапты күндері және тағы басқа оқиғалар өз өмірбаяны негізінде баяндалады.
Құжаттарға талдау жасау - Тарихи деректерді, хаттарды, телеграммалар мен саяси бағдарламаларды түпнұсқа ретінде зерделеу.
Роман мәтінінде Алаш орданың үндеулері, большевиктер партиясының газеттері, ресми телеграммалар мен хаттар түпнұсқа күйінде келтіріліп, оларға саяси-идеологиялық талдау жасалады.
Абстрактілеу - екінші дәрежелі тұрмыстық немесе жеке бөлшектерді ысырып қойып, негізгі идея мен проблемаға назар аудару.
Күнделікті уақытша ұсақ тіршілікті ұмытып, саяси мәселелер мен билік мәселелеріне назар аударылады.
Мінсіздендіру (идеализация) - қоғамдық құбылысты, идеяны немесе тұлғаны асыра бағалап, мінсіз бейне ретінде көрсету.
Мысал: Социалистік революция идеяларын («кеңес өкіметі халыққа теңдік әкеледі») және революционер жолдастарының бейнелерін (Абдолла, т.б.) азаттық жолындағы мінсіз, қайсар қаһармандар ретінде дәріптеуі.