Сыртқы және көру белгілері
Нәресте салмағы өте төмен (шамамен 2340 г), бойы кішкентай, иегі тегіс, жақ сүйектері нашар дамыған, бас сүйегі кішкентай, құлақтары кішкентай әрі төмен орналасқан, тұмсығы шығыңқы (құстұмсық тәрізді) болады. Көру мүшелерінде птоз, экзофтальм, эпикант, көздің мөлдір қабығының бұлдырлануы және көру нерві дискісінің семуі байқалады. Қол саусақтары өте ұзын немесе қысқа болып, 2–5 саусақтары ерекше орналасады, табан пішіні өзгереді.