Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас,
генефондары ортақ особьтар жиынтығы. «Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген
мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен
қолданды.«Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны
генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше
бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяция – белгілі бір территорияда тіршілік ететін, бір түрге жататын, бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және ортақ генефондқа ие даралар жиынтығы. Олар қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында санын тұрақты сақтай алады.эколог С. С. Шварц популяцияға мынадай анықтама берген: Популяция – қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қабілетті, белгілі бір түрге жататын ағзалардың элементарлық тобы.
Каннибализм – популяция ішіндегі даралардың өз түріне жататын басқа дараларды немесе олардың жұмыртқаларын, дернәсілдерін қорек ретінде пайдалану құбылысы.
Мысал:
Ұн құрты өздерінің жұмыртқаларын жеп қоя алады. Сонымен қатар каннибализм кейбір балықтарда, қосмекенділерде және басқа жануарларда да кездеседі. Бұл көбіне популяция тығыздығы өте жоғары болған кезде байқалады және популяция санын реттеуге әсер етеді.
В.Л. Иогансен
С. С. Шварц