Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Өсімдік ұлпасын зерттеу Жабын ұлпасы - Coggle Diagram
Өсімдік ұлпасын зерттеу
Жабын ұлпасы
Жабын ұлпа – өсімдіктің сыртқы бөлігін қаптап тұратын және оны қорғайтын ұлпа.
Негізгі ерекшеліктері:
Өсімдіктің тамыр, сабақ, жапырақтарының сыртын жабады.
Өсімдікті кеуіп кетуден, суықтан және сыртқы зиянды әсерлерден қорғайды.
Жасушалары бір-біріне тығыз орналасады.
Қызметі:
Қорғау қызметін атқарады.
Су булануын реттейді.
Газ алмасуға қатысады.
Өсімдікті сыртқы орта әсерінен сақтайды.
Өсімдіктің жабын үлпасын зерттеу
Зерттеу нысаны: пияздың ішкі жұқа қабықшасы (жабын ұлпа).
• Мақсаты: өсімдік жасушасының құрылысын микроскоп арқылы көру.
• Қажетті құралдар: микроскоп, шыны әйнек, жабын әйнек, пияз қабығы, су немесе бояу ерітіндісі, пинцет.
• Жұмыс барысы: пияз қабығынан өте жұқа қабат алынады.
• Ол шыны әйнекке салынып, үстіне бір тамшы су немесе бояу тамызылады.
• Үстіне жабын әйнек жабылады.
• Дайын препарат микроскоппен қаралады.
• Нәтижесінде жасуша қабықшасы, цитоплазма және ядро көрінеді.
• Қорытынды: жабын ұлпа өсімдікті сыртқы әсерден қорғайды және жасушалардың орналасуын анық көруге мүмкіндік береді.
Тамырда жабын ұлпа тамыр түктерін түзеді, олар суды және минералды заттарды сіңіруге көмектеседі.
Кей өсімдіктерде жабын ұлпа тікенек, түк, қалың қабық түзіп, жануарлардан қорғайды.
Ағаштарда уақыт өте сыртқы қабық қалыңдап, өсімдікті суықтан және зақымданудан қорғайды.
Жабын ұлпа зақымданса, өсімдік тез кеуіп немесе ауруға шалдығуы мүмкін.