Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
ДИВАЕВ ӘБУБӘКІР АХМЕТЖАНҰЛЫ - Coggle Diagram
ДИВАЕВ ӘБУБӘКІР АХМЕТЖАНҰЛЫ
Өмірбаяны
3 желтоқсан 1855 жылы Орынбор қаласында дүниеге келіп, 5 ақпан 1938 жылы Ташкент қаласырда өмірден өткен қазақ руханиятына, кең көлемде айтар болсақ, тіпті Орта Азия халықтарының мәдениеті мен әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан кесек тұлға.
Ресей және кеңес дәуірінің этнограф-ғалымы, түркітанушы-лингвист , фольклорист және ағартушы. Этнография қоғамының (Қазан университеті) мүшесі , сондай-ақ Мәскеу университетінің жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойлары қоғамының мүшесі.
1876 жылы Орынбор кадет корпусының Азия бөлімін бітірген. Ол араб, парсы тiлдерiмен қоса қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн де жетiк бiлетiн едi.
Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау тарихы
Сырдария генерал-губернаторы Н. И. Гродековтың 1884 ж. қазақ, өзбек, қырғыз халқы ауыз әдебиетiн жинауды қолға алып, бұл жұмысты жергiлiктi халықтың тiлiн, салт-дәстүрiн жетiк бiлетiн Орынбор кадет корпусiнiң түлегi Ә. Диваевқа тапсырды.
Ә. Диваев белгiлi түркiтанушы В. Н. Наливкинмен, тарихшы, этнограф, филолог А. Н. Вышнеглярскиймен жүздесiп, ақыл-кеңес ала отырып, зерттеу жұмысының жоспарын жасады.
Өзi жинаған материалдардың бiр тобын Ресей география қоғамының Қазандағы бөлiмшесiне жiберiп отырды. Сондай-ақ 1886 ж. Ташкентте шыға бастаған "Түркiстан уалаяты” газетiнде жариялады.
Ел аузынан жинаған мұралары
Мақал-мәтелдер тақырыбы
1)Әйелдер туралы.
2) Отбасы мен тумақ жайында.
3)Құдай хақында.
4)Бата түріндегі мақалдар.
5)Ру намысы.
6)Үйлену тойы және т.б.
Түстің баяны
1)Түсінде биік жерге, я тауға шығып жүрсе, мәртебесі биік болады деп айтады.
2)Егер аспанға шықса, көп жақсы болады, аспаннан жығылса, жаман.
3)Өлі адам үстіне жақсы киімдер кисе, бұл һам мәртебе. Көңілі хош уақыт болғандай бір болса керек дер және т.б.
Ырым түрлері
1)Шалбар немесе дамбал түрін кию дұрыс емес, отырып кию керек.
2)Тырнақ пен бастың шашын тек бейсенбі мен жұма күндері ғана алады.
3)Халат немесе басқа киімді кигенде әуелі оң қолды, содан соң сол қолды кию керек, ал шешінген кезде алдымен сол қолды шешеді және т.б.
Қазақ балалар ойындары
1)Бөрік жасырмақ
2)Орда
3)Домалақ ағаш
4)Үйшік-үйшік және т.б.
Халық арасынан жинап, кейбірін орыс тіліне аударған жыр-дастандары.
1)Шора батыр
2)Бекет батыр
3)Алпамыс батыр
4)Кобыланды батыр
5)Ер Тарғын
6)Айман-Шолпан
Ауыз әдебиетіне, фольклорға арналған еңбектері.
1)Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области.
2)Исчисление времени года по киргизскому стилю с обозначением народных примет // Туркестанские ведомости.
3)Призыв ветра. Киргизское поверье // Туркестанские ведомости.
4)Этнографические материалы. Сказки, басни, пословицы и приметы туземного населения Сыр-Дарьинской области. — Ташкент, 1893.
5)Материалы этнографические о происхождении албасты, Джинна и Дива (народные легенды) және т.б.