Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Дидактика - Coggle Diagram
Дидактика
«Дидактика» бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko оқыту деген ұғымды білдіреді.
Дидактика — оқу мен оқытудың теориясы мен әдіснамасын зерттейтін педагогиканың бір саласы.
Дидактика ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Вольфганг Ратке
Дидактиканың ғылыми іргетасын қалаған чех педагогы Ян Амос Коменский
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827 жж.) «Гертруда өз балаларын қалай оқытады» (1801ж.) деген еңбе-гінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады.
Қазақ арысы Жүсіпбек Аймауытов пікірінше - Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді... сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды".
Дидактиканың негізгі категориялары:
Білім- бұл табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған теориялық және практикалық білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және тиімді етіп қолдана білуі.
Білім алу (оқу) мұғалімнен окыту мазмұнын алу. Оқу процесі күрделі про-цесс. Себебі қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның белсенді танымдық қыз-метін ұйымдастырып, бағыттау оңайға түспейді.
Оқыту - бұл мұғалім мен оқушы-лардың оқу мақсатына жетуіне бағыт-талған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс- әрекетін арнайы ұйымдастыру.
Оқыту процесі оқытушы мен оқушылардың мақсатты, дәйекті өзге ріп отыратын өзара іс-қимылы, оның барысында білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және жалпы дамыту міндет-тері шешіледі
Оқыту принциптері бұл оқу про цесінің тиіміді қызметін қамтамасыз ететін маңызды дидактикалық талаптар.
Білім мазмұны адамның жеке тұлғасының дамуы мен қалыптасуы үшін негіз болатын білім, іскерлік, дағ дылардың жүйесі.
Оқыту әдістері - білімдік үрдіс субъектілерінің (оқытушы, оқушы) оқыту мақсат, міндеттерін шешуге бағытталған бірлескен іс-әрекетінің тәсілдері. Кез кел ген әдіс мақсатқа сай нәтижеге әкелетін
жүйелі іс-әрекет.
Оқытуды ұйымдастыру формала-ры - бул педагог пен оқушылардың. оқушылардың бір-бірімен, оқушылардың зерттелетін материалмен өзара әрекет-тесу тәсілі, сипаты.
1 more item...
«Ұлы дидактика» 4 дидактикалық сұраққа жауап береді.
Қалай жақсы оқыту керек?
Оқыту мен оқудың жеңілдігі неде?
Оқыту мен оқудың негізі қандай?
Тез оқытудың ережелері мен тәсілдері қандай?
Дидактиканың негізгі міндеттері
Мәселелерді тұжырымдау - кімді. нені және қалай оқыту керектігін түсіну.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің заңдылықтарын және оны оқу процесінде оңтайландыру процестерін зерттеу.
Ғылыми білім мен дағдыларды игеру бойынша танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
Дидактиканың ғылыми негіздері
психология
жас анатомиясы жане физиологиясы
тәрбие теориясы
карым-қатынас социологиясы
мектеп гигиенасы,
жеке пәндерді оқыту әдістемесі
озат тәжірибені зертеу