Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
ЭССЕ - Coggle Diagram
ЭССЕ
Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:
Жеке көзқарастың көрінісі;
Деректі дәйектер (аргументтер);
Теориялық негіздеме;
Терминдерді қолдану;
Дәйексөздерді келтіру;
Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
Логикалық заңдылықгың сақталынуы;
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
Сауаттылық (пунктуациялық, орфографиялық, стильдік).
Эссе түрлері
Субъективті. Негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту
Объективті. Негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту
Әдеби эссе
Көркем шығармалар, әдеби тұлғалар, жазушы стилі туралы ой-толғаныс. Тілі бейнелі, көркемдік тәсілдерге толы болады.
Аргументативті (дәлелді) эссе
Белгілі бір пікірді қорғау немесе жоққа шығару үшін жазылады. Негізгі міндет — нақты дәлелдер арқылы оқырманды сендіру.
Дискурсивті эссе
Мәселені екі тараптан қарастырып, оң және теріс жақтарын талдап, соңында автордың жеке қорытындысы беріледі.
Сипаттамалық эссе
Белгілі бір құбылысты, адамды, табиғатты немесе затты сипаттап жазу. Мұнда бейнелеу, детальға мән беру маңызды.
Салыстырмалы эссе
Екі немесе бірнеше құбылысты, адамды, ойды салыстыру арқылы талдауға бағытталған эссе. Ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анық көрсетеді.
Эссе мақсаты қандай?
Белгілі бір мәселе бойынша өз пікірін жазу.
Оқырмандарды ақпараттандыру.
Шындықты табуға тырысу.
Оқырманның көңілінен шығу, сендіру.
Эмоция туғызу.
Жаңа әрекетке түрткі болу.
Эссе ерекшеліктері мен құрылымы қандай?
Жеке көзқарас-тақырыпқа қатысты автордың өзіндік ойы айқын көрінеді.
Еркін форма — композиция қатаң емес, ойды қалағанша өрбітуге болады.
Дәлел мен мысал — пікірді бекіту үшін өмірден, тарихтан немесе әдебиеттен мысалдар келтіріледі.
Құрылымы: кіріспе бөлім, негізгі бөлім (параграфтардан тұратын), қорытынды бөлім.
Эссе дегеніміз не?
Адамның белгілі бір тақырып төңірегіндегі өз ойы мен көзқарасын еркін жеткізетін шығармашылық мәтін. Эссе ғылыми еңбекке ұқсамайды: мұнда қатаң дәлелдерден гөрі, автордың ой толғанысы, жеке пікірлері, аргументтері басым болады.
Эссе - (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.