К.Д.Ушинский: «Педагог теорияны қанша жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін»,- айтады.
Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы,
оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік
білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды
сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын,
педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән
беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс -тұрысы,
қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы
керек.
Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу,
оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс
атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып
табылады.