Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Еж.Д.Ә.-5 топша - Coggle Diagram
Еж.Д.Ә.-5 топша
Аврелий Августин (354–430)
«Құдай қаласы туралы» (De civitate Dei), «Исповедь» еңбектері.
Христиан философиясының негізін қалады.
Августин үшін адамның шынайы бақыты тек Құдайға деген сенімде. Адамның жаны – мәңгі, ал тән өткінші.
Боэций (480–524)
«Философияның жұбанышы» (Consolatio Philosophiae).
Музыка, математика, логика салаларын дамытты.
Боэцийдің ойынша, Құдай бәрін алдын ала біледі, бірақ адамда таңдау еркі бар. Ерік бостандығы адамның моральдық жауапкершілігін сақтап қалады.
Исидор Севильский (560–636)
«Этимологиялар» (Etymologiae).
Еуропадағы алғашқы энциклопедия жасаған ғалым.
Исидор білімді адамды жетілдіретін, қоғамға пайдалы ететін басты құрал деп санады. Оның ойынша, білім – Құдайды тануға жол ашады.
Ансельм Кентерберийский (1033–1109)
«Proslogion», «Monologion».
Құдайдың бар екенін рационалды дәлелдеуге тырысқан.
Ансельм «ақыл сенімге қызмет етуі керек» деп есептеді. Ол атақты формуласымен танымал: «Credo ut intelligam» – «Түсіну үшін сенемін».
Альберт Великий (1193–1280)
«De Animalibus» трактаты бар.
табиғаттану, ботаника, зоология еңбектері.
Альберт білімді Құдайды тану мен жаратылысты түсінудің құралы деп санады. Бірақ ол тек теологиямен шектелмей, табиғат пен ғылымды зерттеуді де маңызды деп білді.
Фома Аквинский (1225–1274)
«Сумма теология» (Summa Theologiae).
Христиан философиясының басты еңбегі.
Фома сенім мен ақыл бір-біріне қайшы емес, керісінше толықтырады деді. Сенім арқылы ашылатын ақиқат бар (Құдайдың құпиялары), бірақ ақыл да табиғатты, заңдылықтарды зерттеп, Құдайға апара алады.
Роджер Бэкон (1214–1294)
– «Opus Majus» («Ұлы еңбек»).
Жаратылыстану, оптика, тәжірибелік ғылымды дамытқан.
Бэкон үшін білімнің түпкі мақсаты – ақиқатты тану және оны адамзат игілігіне пайдалану. Ол тек кітапқа сүйенген схоластикалық білімді сынға алды.