Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Салалас құрмалас сөйлем, : - Coggle Diagram
Салалас құрмалас сөйлем
Ыңғайлас салалас
Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой мен екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылады.
Мысалы: Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады.
Кезектес салалас
Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын көрсетеді.
Мысалы: Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.
Себеп-салдар салалас
Мысалы: Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.
Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп тұрады.
Қарсылықты салалас
Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады.
Мысалы: Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді.
Түсіндермелі салалас
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі
Мысалы: Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен.
Талғаулы салалас
Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады
Мысалы: Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады.
-