Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілі дыбыстарын «осылай болуы керек» деп ішкі түйсігімен (интуициясымен) долбарлап, үстінен дөп түсіп қалған жоқ. Ғалым өз әдісімен қазақ тілі дыбыстарын, тіл ішіндегі функционалды өзгерістерін мұқият бақылай отырып, ғылыми тұрғыдан аса жоғары деңгейде зерделеді. Арнайы фонетикалық аппараттарға сүйенбесе де, тіл дыбыстарының табиғи жүйесіне мұқият назар аударып, олардың сөз ішіндегі, түбір мен қосымша жігіндегі өзгерістеріне назар аударды.
Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.