Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
СИНГАРМОНИЗМ - Coggle Diagram
СИНГАРМОНИЗМ
Сингармонизм – түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді:
«түбірдегі дауысты жуан болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылып барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлық буындарға арқау дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады.
-
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — А.,1973,1977,1993, 2002
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. -А.,1962
3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А.,1989
- Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик IСМЕТ Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр.
Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу) морфемалар жиігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат, ет, от, өт деген сөздерде бір ғана т онемасы дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз.
Аккомодация құбылысында қазақ тілінде негізінен дауыстылар дауыссыздарға күштілік жасап, көбіне дауыстың қатысы және айтылуы жағынан өзіне бейімдеп тұрады. Мысалы: тарағы (тарақ-ы), ағешкі (ақ ешкі) дегендерде дауыстылар дауыстың қатысы жағына дауыссыздарды игеріп тұр деп түсіну керек.
Ал дауыстылардың артикуляциялық ( айтылуы) жақтан әсері дегенде әсіресе тілдің қалпы жағынан дауыссыздарға ықпалын айту керек. Яғни, қазақ тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып айтылуы көбіне дауыстымен байланысты. Сондай-ақ жақтың, еріннің де едәуір ықпалы болады.
Қазақ тіліндегі сингармонизмге қатысты А. Байтұрсынұлы пікіріне арнайы тоқталғанды жөн деп білеміз: «Қазақта сөз екі түрлі: бір түрі – жуан, екінші түрі – жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі де жіңішке болады»
Анықтаманың мәнді жері «сөз ішіндегі дыбыстардың бәрі...» Өйткені А. Байтұрсынұлы сингармонизм құбылысын тек дауыстылармен байланыстырып отырған жоқ, дауыссыздарды да қамтыған. Қазақ тіліндегі үндестік құбылысы үшін дауыссыздардың да жуан-жіңішке болғаны маңызды.
А. Байтұрсынұлы былай дейді: «...19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады». Содан соң қазақ тілінде «43 түрлі дыбыс» бар деген қорытынды жасайды.
-