Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Өзгергіштік, Пайдаланылған әдебиеттертізімі: Н. П. Дубинин "Генетика…
Өзгергіштік
Өзгергіштік — бұл организмдердің бір түрге жататынына қарамастан, бір-бірінен морфологиялық, физиологиялық және басқа да қасиеттері бойынша айырмашылықтар көрсетуі.
Тұқым қуаламайтын өзгергіштік (фенотиптік немесе модификациялық) – қоршаған ортаның әсерінен пайда болатын өзгерістер, бірақ олар генетикалық деңгейде сақталмайды және ұрпақтарға берілмейді.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік (генотиптік) – генетикалық кодтағы өзгерістерге байланысты, ұрпақтарға беріледі және эволюцияда маңызды рөл атқарады.
.Жыныстық көбею кезінде ата-аналар гендерінің әртүрлі комбинацияларының нәтижесінде пайда болатын өзгерістер комбинативтік өзгергіштік деп аталады
Ұрықтану – аталық және аналық жасушалардың қосылуы арқылы әртүрлі генетикалық ақпарат біріктіріледі.
Кроссинговер – жыныс жасушаларының түзілуі кезінде хромосомалардың бөліктері алмасып, жаңа комбинациялар түзіледі.
-
-
Адамдардың түрлі белгілерін (мысалы, көздің түсі, шаштың түсі) тұқым қуалау.
Жануарлардағы тұқымдық әртүрлілік
Мутативтік
генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты пайда болатын өзгерістер. Олар тұқым қуалайды және ұрпақтарға берілуі мүмкін.
-
-
-
-
Жануарлар немесе өсімдіктердің түсінің өзгеруі (альбинизм).
Адамдардағы генетикалық аурулар (мысалы, талассемия).
Модификациялық
қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын және генетикалық ақпаратты өзгертпейтін өзгерістер
Бірдей генотипке ие өсімдіктер әртүрлі жарық жағдайларында әртүрлі биіктікке өседі.
Қояндардың жүнінің қыста ағарып, жазда қараюы.
-
Модификациялық өзгергіштікке мысал ретінде жебе
жапырақты келтіруге болады. Оның судың бетіндегі жапырақтары
жебе тәрізді, суда қалқыл жүретіндері жүрек тәрізді, ал судын түбінде
болатын жарырақтары таспа тәрізді.
Пайдаланылған әдебиеттертізімі: Н. П. Дубинин "Генетика и человек", Москва " Просвещения " 1978г.
Мұхамбетжанов, Көпжасар Қоғашұлы "Генетика" оқулық, Алматы: 2005