Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
ФОНЕТИКА САЛАЛАРЫ - Coggle Diagram
ФОНЕТИКА САЛАЛАРЫ
Перцептивтік фонетика
Перцептивтік фонетика — дыбыстардың қабылдануын зерттейтін сала. Мұнда дыбыстардың қалай естілетіні, адамның дыбыстарды қабылдау механизмдері талданады.
Адамның есту қабілеті арқылы дыбысты тануы, дыбыстардың бір-бірінен ажыратылуы, дыбыстардың мағыналық жүктемесін қабылдау мәселелері қарастырылады.
Фонетика — тілдің дыбыстық жағын, яғни дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін және олардың сөйлеудегі қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетика бірнеше негізгі салаларға бөлінеді:
Артикуляциялық фонетика
Артикуляция* дегеніміз — сөйлеу органдарының дыбыстарды шығару кезіндегі қызметі. Артикуляциялық фонетика дыбыстардың қалай жасалатынын, сөйлеу ағзаларының (тіл, таңдай, дауыс желбезектері, ерін, өкпе және т.б.) қатысуын зерттейді.
Бұл салада дыбыстар үш кезеңнен тұратын процесте қарастырылады: демнің шығу кезеңі (респирация), дауыс желбезектері арқылы дыбыс шығару (фонация), және сөйлеу мүшелері арқылы дыбыстардың нақты қалыптасуы (артикуляция).
Акустикалық фонетика
Акустикалық фонетика дыбыстың физикалық сипаттамаларын зерттейді. Дыбыстардың ұзақтығы, жиілігі, күші, тербелісі және резонанстық қасиеттері қарастырылады
Бұл салада дыбыстардың толқындары, олардың жиілігі (Гц), дыбыстың созылуы және амплитудасы сынды параметрлер қарастырылады. Арнайы құралдар арқылы дыбыстардың спектрограммалары жасалып, олардың акустикалық сипаттамалары анықталады
-
Эксперименттік фонетика
Эксперименттік фонетика тілдің дыбыстық жағын арнайы техникалық құралдар арқылы зерттейді. Дыбыстардың артикуляциялық және акустикалық сипаттамаларына тәжірибелер жүргізіліп, әртүрлі параметрлері нақтыланады. Спектрограф, осциллограф сияқты құралдар дыбыстардың физикалық параметрлерін өлшейді
Диахрониялық фонетика
Диахрониялық фонетика дыбыстардың тарихи даму процесін зерттейді. Тілдегі дыбыстардың уақыт өте келе қалай өзгергенін, әртүрлі тарихи кезеңдерде қандай дыбыстық өзгерістер болғанын зерттейді.
Мысалы, қазақ тіліндегі "қ" дыбысының кейбір түркі тілдерінде "х" немесе "ғ" дыбысына өзгеруі, сөздердің дыбыстық құрылымындағы тарихи өзгерістер осы салада қарастырылады.
Орфоэпиялық фонетика
Орфоэпия — дұрыс сөйлеу заңдылықтарын зерттейтін фонетика саласы. Бұл салада сөздердің дұрыс айтылу нормалары, сөйлеу мәдениеті мен сөйлеу дағдылары қарастырылады.
- Қазақ тілінде бұл салада екпіннің дұрыс қойылуы, дыбыстардың бір-біріне әсері (әсіресе сөздерді дұрыс айту) зерттеледі.