Шие - раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны – солтүстік Парсы жері мен Қара теңіз жағалауы. Шие тұқымдасында 200 жуық түрі бар. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Ағаштың биіктігі 3-7 м аралығында. Жапырақтары жалпақтау келген ұзын, ұштары сүйір, жиектері аратісті. Гүлі сұрыпына қарай ақ және күлгін, хош иісті. Жемістері тегіс-домалақ пішінді, орташа салмағы 35 грамм, түсі күңгірт-қызыл, қанық қызыл және ашық қызыл болады :