Грамматика саладағы алғашқы пікір Платон мен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуі үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Аристотель — грамматика мен логика арасындағы қарым-қатысты алғаш сөз еткен ғалым. Оның логика мен поэтика жәніндегі ілімі кейінгі заман оқымыстыларына да күшті ықпал жасады. Бірақ Платон да, Аристотель де сөздерді тапқа бөлгенде біздің қазіргі түсінігіміздей тілдік категория ретінде емес, логикалық категория ретінде қарайды. Есім мен етістік — пайымдаудың мүшелері, бұлардан басқа сездер осы екеуі төңірегіне топталып, жалғауыштық қызметтер атқарады деп түсіндіреді.