Песталоцци бастауыш мектептің оқу жоспарын белгілі дәрежеде кеңейтті, оқу жоспарына оқу және жазу, санау және өлшеу, сурет, гимнастика, ән-күй дағдылары, сонымен қатар жағырафия, тарих, табиғаттану салаларынан кейбір білімдер берілді.
Таным үрдісінің бастапқы сатысы бақылау болып табылады. Бақылаудан жаңа ұғымдарға көшу үшін кез-келген танымның үш элементін түсіну қажет, сан, түр және саз. Песталоцци өзінің алдына міндет қойды – оқытудың түрлері мен әдістерін табу, оны пайдалана отырып, шаруа-ана өз балаларын оқыта білуі мүмкін