Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
педагогикаға үлес қосқан ғалымдар - Coggle Diagram
педагогикаға үлес қосқан ғалымдар
А.С.Макаренко
Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексеруінен өткізді.
Леонид Владимирович Занков
1901 жылы 10 сәуірде (23 сәуір, жаңа стиль) Варшавада дүниеге келген[2]
1916 жылы Л.В.Занков Мәскеуде орта мектепті бітірді. Осы жылдары ғылым ретінде педагогикаға деген құштарлық пайда болды. Бұған гимназияда әдебиетті оқыту ықпал етті.
Занков 20 ғасырдың 60-жылдарында өз зертханасының қызметкерлерімен бірге мектеп оқушыларының жалпы психикалық дамуына ықпал ететін жаңа дидактикалық жүйені жасады. Оның негізгі принциптері мыналар:
жоғары қиындық деңгейі;
теориялық білімді оқытуда жетекші рөл, оқу бағдарламаларын сызықтық құру;
жаңа жағдайларда үздіксіз ілеспе қайталау және бекіту арқылы жылдам қарқынмен материалды оқуда
Ян Амос Коменский
-(1592- 1670) - чех елінің белгілі ойшылы, педагог.Орта білімді Чехияда алып,кейін Германияның Гейдельберг университетіне түсіп ,онда коперниктің ілімін оқып үйреніп,математикамен айналысты.
Педагогика тарихында Коменский тұңғыш рет ерекше ғылым ретінде дидактика жүйесін жасады. Оның дидактикалық припциптері (көрнекілік, дәйектілік, еліктеу, жаттығу) табиғат заңдарын ой елегінен өткізуді, таным мен білімді ұғымды түрде ұштастырып, баянды етуді көздеді. Гуманизм және демократизм Коменский басты негіздері болып табылды.
Надежда Константиновна Крупская
1869 жылы 14 (26) ақпанда Санкт-Петербургте әскери қызметкер мен губернатордың кедей дворян отбасында дүниеге келген.1887 жылы Санкт-Петербургтегі Оболенская жеке әйелдер гимназиясын алтын медальмен бітірді.1889 жылы Крупская Петербургтегі Бестужев курстарына түседі, бірақ онда бір жыл ғана оқиды
1891-1896 жылдары Шлиссельбург трактіндегі Невская зауытының артындағы Санкт-Петербургтегі кешкі жексенбілік ересектерге арналған мектепте сабақ берді, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Ол мектеп оқушыларының бірлескен еңбекке қатысуы олардың бойында еңбекке саналы көзқарасты, тәртіпті, ұжымшылдықты және басқа да құнды адамгершілік қасиеттерді дамытады деп есептеді
Джон Дьюи
Джон Дьюи 1859 жылы 20 қазанда Вермонт штатының Берлингтон қаласында дүниеге келген.
мемлекеттік тегін мектепте оқыды, содан кейін Вермонт университетіне түсті.
Дьюидің жұмысы психология, білім және философияға өте маңызды әсер етті және ол жиі ХХ ғасырдың ең ұлы ойшылдарының бірі саналады. Оның прогрессивті білімге баса назар аударуы білімге авторитарлық тәсілмен емес, эксперименттерді пайдалануға үлкен ықпал етті.
Иоганн Фридрих Песталоции
1746-1827 ж)Дәрігерлер отбасында дүниеге келген швейцариялық педагог.Цюрих қаласындағы Коллегиум Каролинумда білім жоғары білім алған.
Песталоции бастауышқа арналған дидактиканың негізін қалаушылардың бірі болды. Ол білім алуға мүмкіндігі жоқ балаларға оқу орындарын ашып, жағдайларын жасап, олардың дамуына үлкен үлесін қосқан.
Адольф Дистервег
(1790-1866ж)Берлинде дүниеге келген немістің педагогі, жазушы, публицист.
Дистервег халықтық мектеп пен педагогикалық білім саласындағы көрнекті кайраткер, 19ғ орта шеніндегі Герман буржуазиялық демокра тиялық педагогикасының прогрессивті өкілі болып табылады.Дистервег өз зерттеулерінде песталоции дің дидактикалық пікір лерін насихаттады
Мария Монтессори
Монтессори педагогикасы – еркін білім беру идеяларын тиімді іс жүзінде жүзеге асырудың тамаша үлгісі. М.Монтессори бала дамуының кейбір заңдылықтарын ашып, балаларды оқытудың жаңа әдісін жасады.
Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамызда Италияның Кьяравалле қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Алессандро Монтессори қаржы министрлігінің шенеулігі болған және жергілікті темекі фабрикасында жұмыс істеген. Оның анасы Ренил Стоппани сол кезде жақсы білімді болған және атақты геолог және палеонтолог Антонио Стоппанидің[3] немере жиені болған. Мария анасы мен әкесіне өте жақын болды, бірақ әкесі қызының білім алу туралы шешімімен келіспеген
Бенджамин Блум
1913 жылы 21 ақпанда Лансфорд қаласында дүниеге келді. 1935 жылы Пенсильвания университетін бакалавр және магистр дәрежесімен бітірді. 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық диссертациясын қорғады.:
Педагогика саласына қосқан негізгі үлесі Таксономия. Бенджамин Негізгі идея оқытудың бірізді процесс екендігі. Ол 6 деңгейден тұрады: есте сақтау, түсіну, қолдану, талдау, синтез және бағалау.
Константин Дмитриевич Ушинский
1824 жылы Тула қаласында дүниеге келді. Орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алады. 1840 жылы Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі.
К.Д.Ушинский екі деңгейлі дидактика туралы ілім жасады: жалпы дидактика оқытудың басты ұстанымдары мен әдістерін зерттейді. Ресей ғылыми педагогикасының негізін қалаушы
Лев Семенович Выготский
1896 жылы 17 қарашада Орша қаласында дүниеге келген. 6-сыныпқа дейін отбасылық тәрбиеде өсті, содан кейін ерлер гимназиясына түсіп, жеке мұғалімдерден ежелгі және шет тілдерін оқыды. Мәскеу Шанявский университетінің тарих және философия факультетінде оқуын аяқтады
Арнайы психология саласында Л.С.Выготский кемтар балаларды оқыту мен тәрбие істерінде тиімді жолдар арқылы елеулі табыстарға жетуге болатындығын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетті.
Василий Александрович Сухомлинский
1918 жылы 28 қыркүйекте Василевка ауылында дүниеге келген. 1933 жылы Кременчуг қаласында оқыды, 1938 жылы Полтавский педагогикалық университетін бітірді.
Сухомлинский гуманизм қағидаларына, бала тұлғасын ең жоғары құндылық деп тануға негізделген өзіндік педагогикалық жүйені құрды, оған тәрбие мен білім беру процестері, шығармашылық іс-әрекет ұқсас ұжымның ынтымағы