Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Психологизм, . - Coggle Diagram
Психологизм
Психологиялық деталь – бұл шығарма идеясы мен тақырыбына арқау болатын деталь, яғни сол деталь, зат арқылы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті, болмыс-бітімі кеңінен ашылатыны даусыз нәрселер.
Оралхан Бөкейдің:
-
«Апамның астауы» деп аталатын әңгімесінде де, психологиялық деталь – автордың «апасының жарық астауы» болып отыр.
-
«Бес тиын» атты әңгімесі де психологиялық детальға негізделген. Мұндағы психологиялық деталь – «бес тиын» болып табылады.
-
Қазақ прозасындағы психолизмнің табиғатын зерттеген профессор Г. Пірәлі оның ең басты
үш ерекшелігін атап өткен болатын:
Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды.
Екіншіден, мұнда ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалы өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
Кейбір ғалымдар әдебиеттегі психологизмнің екі түрін – аналитикалық және
динамикалық деп аталатын принциптерін бөле жарып талдайды.
Аналитикалық принцип - кейіпкер өз-өзін ой мен сын тезіне салып, алды-артын сараптайды, артық-кемін таразылап, мәселенің ақ-қарасын ажыратуға барын да, жанын да салады. Аналитикалық принциптің ең белгілі әдісі – ішкі монолог.
Динамикалық принцип - кейіпкердің арқылы психологиясының ашылуын меңзейді. Оған ым-ишарат, қасы мен көзінің қимылы, бет әлпетінің құбылуы, қабағының түйілуі мен ашылуы, сыртқы кейпінің әртүрлі жағдайға түсуі мен жалпы қимыл-әрекеті жатады.
М.Әуезов: «Прозаға психология араласпаса, өзгенің бәрі
сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы»
«Көркем ойлаудың психологиясын, шығармашылық үдерістің динамикасын шұқшия зерттеу арқылы А. Потебняның ізбасарлары «лингвистикалық поэтика» деген жаңа ұғым қалыптастырды,олар әдебиеттану мен лингвистиканың мәселелерін тұтас қарыстыруды мақсат етті.
Көркем шығармадағы кейіпкердің ішкі әлеміне терең бойлап, оның жан-жүрегіндегі тебіреністердің сырына үңілуді әдебиетте психологиялық талдау деп атайды. Көбінесе психологизм деп те атайды
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымында психологизм мәселелері егжей-тегжейлі зерттеліп келеді. Г. Пірәлі, Б. Майтанов, А. Қалиева сынды әдебиеттанушы ғалымдар аталмыш пәнге қатысты арнайы монографияларын жарияласа, көптеген зерттеушілер бұл туралы өздерінің пікір-көзқарастарын білдірген болатын.
Зерттеуші Г.Пірәлиеваның айтуы бойынша, қазақ әдебиетінде заттық әлемді көп қолданған жазушыларымыз: Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, Ә.Кекілбаев болды.
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Б.Майтанов: «Психологизм - әрі беріден соң ойлану, түйсіну, пайымдау типтерінің түрі деуге келеді»,- деп тұжырымдама жасайды.
Төл әдебиетімізде жиі қолданылатын психологиялық параллелизм - табиғатқа адамның көңіл-күйін тели отырып кейіпкер бейнесін, оның ішкі толғанысын ашатын тәсіл. Оның бастауы сонау ауыз әдебиеті үлгілерінен, соның ішінде «Қыз Жібек», «Алпамыс», «Қобыланды батыр» жырларынан анық көрініс береді.
-