Этимологиялық Сөздік(грек. etymon – ақиқат, logos –сөз), белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анықтайды. Сөз тарихы, мағынасы тіл тарихымен, сол тілді жасаушы, қолданушы халық тарихымен, өткендегі тұрмыс-салтымен, мәдени-рухани өмірімен, өзге елдерге қарым-қатынасымен тығыз байланысты.
Этимологиялық сөздіктің анықтамасы этимологияның 2 түрлі негізіне сүйенеді: 1) ғыл. этимология – сөз төркінін, морфемалардың даму тарихын дәл анықтап, ғыл. негізде түсіндіру; 2) халықтық этимология – кейбір адамдардың жеке сөз мағынасын тұспалдап, топшылау.