Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Модульдік оқыту технологиясы - Coggle Diagram
Модульдік оқыту технологиясы
Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі –
модульдік оқыту.
Модульдік оқыту технологиясы
– білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Оқу модулі 3 құрылымды бөліктен тұрады:
:pencil2:
1.Кіріспе бөлімі
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімі
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Қорытынды бөлім
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі
7-12 сағаттан
тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.
Оқу модулінің өзгешілігі
:star:
Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
:check:
қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;
оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, :
барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
Уақыт үнемделеді.
Сабақтың сапасын көтереді.
Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.
Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.
Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада
Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.
Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.
Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.
Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу
Оқушының білім деңгейін дәл анықтау.
Модульдік оқыту:
Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану- мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің факторы болып табылады.
Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.