Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Әбу Насыр әл-Фараби - Coggle Diagram
Әбу Насыр әл-Фараби
Дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.
Әл-Фараби түркі тілімен қатар араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген. Ғылыми шығармаларын, өлең-жырларын өз дәуірінің рухани-ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.
Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар (оны қыпшақтар Қарашоқы деп. те атаған) қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар – бір жағы көшпелі мал. шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп. атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз Әл-Фараби атанып кеткен.
Фарабидің ”Ақылдың мәні туралы трактат”, ”Данышпандықтың інжу маржаны”, ”Ғылымдардың шығуы”, ”Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, ”Аристотель еңбектеріне түсіндірме” (“Поэтика”, ”Риторика”, ”Софистика”т.б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки; 870 – 950 ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған
Әл-Фарабидің «Китаб Ихса' әл-'улум» («Ғылымдар энциклопедиясы») кітабының Кремоналық Жерар аударған латынша нұсқасы.
Нақыл сөздері:
Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға өтпейді.
Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.
Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.
Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.
Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.
Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады.
Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.
Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді.
Әсіре көп не кем еңбек ету күшке күш қоспайды, қайта қалжырата түседі.
Адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да туабітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетеді.