Мысалы, қазіргі әдеби тілімізге көнеленіп бара жатқан садақ, қорамсақ, жебе, сыңсу, ұрын келу, бәдік айту, жамбы тәріздес сөздер – қазақ халқы өмірінде қолданылған қару – жарақтардың, бұйымдардың, салт – ғұрыптардың атаулары.Аталған бұйымдар, ұзатылған қыздың сыңсуы, күйеудің ұрын баруы, бәдік айтып ауруды емдеу салттары бұл күнде жоқ, бірақ тіліміздегі бұл атаулар бір кезде солардың болатындығының куәсі.