Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Қазақ тілінің сөздік құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайда болған неологизмдер мен терминдер де, әдеби сөздер мен ауызекі сөйлеу тіліне тән қарапайым сөздер де, диалектілер де, кәсіби сөздер де, қысқасы, тіліміздегі барлық сөз қабаттары енеді.
-
-