Антикалық дəуірдегі жəне орта ғасырлық əдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы

Сократ: «ең бастысы - адамның жаны және оның жан дүниесі», «адамның жаны қандай күйде болса, адам өмірінің игілігі соған байланысты», «адам жан дүниесімен бай»

«Заңның билігі жоқ жерде,ешқандай мемлекеттік құрылыстың формасына орын жоқ»-деп айтқан философ: Аристотель

Платонның пікірінше, шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі.

Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама – әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады.

«Мемлекет – халық игілігі, ол халық-құқық және көпшілік қызығұшылығы сұрағанда ойлары бір жерден шығатын адамдардың қосындысы» - деп айтқан саяси қайраткер, философ: Цицерон

Сократ: «Өзіңді танып біл!», «Өзіңді тану – адамшылыққа жету көзі, адам бақытының кілті» - дейді. «Адам өзін бақытты етеді, не сорлы етеді»,- дегенді бірінші айтқан Сократ.

Жан Жак Руссо:Адамдар! Адамгершілік етіңдерші! Ол сіздердің басты борыштарың.

Жан Жак Руссо:Жастық шақ — даналықты қабылдайтын уақыт, кәрілік — оны пайдаланатын уақыт.

Дуализм (екі жақты) - материалдық және рухани мәдениетті екі қарама - қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір - бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мәдениет дуализмі.

Эстетика (көне грекше: αἰσθητικός – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі.

Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған.

Грекия әлемге әйгілі ұлы философтар — Аристотель, Платон, Сократ және тағы басқа ірі тұлғаларды әкелді. Ғылымға материяның бөлінбейтін бөлшегі атаомды ұғымын енгізген Демокрит болды. Б.з.д У ғасырда әдебиеттегі негізгі жанр трагедия мен комедия пайда болды. Ежелгі Рим мәдениеті б.з.д. І ғасырдың соңы мен біздің заманымыздың ІІ ғасыр – ертедегі империя дәуірі (принципат дәуірі) құл иеленушілік қатынастар дәуірінің өркендеуі.

Тілінен бал тамған, лебімен отқа өртейтін әрі шешен, әрі философ Цицеронның негізінен соттарда сөйлеген 58 сөзі, 800-ден астам хаттары бар.

Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс)және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың негізгі қасиеті: мәңгі, бөлінбейді, өзіне- өзі тең, қозғалмайды.

Индукция— білімнің жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай ауысуы болып табылады.Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой тұжырымы.

Дедуктивті пайымдау — білімнің көбіне жалпыдан жекеге қарай көшуі, қорытындылардың алғышарттардан шығарылуы. Ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты.

дедукция термині - қолда бар фактілерді пайдаланып логикалық шешім шығаруға арналған ойлау әдісі

Конформизм— топтық қысыммен қадағаланып отыратын жүріс-тұрыс. Топ өзіне айқын көрінетін жүріс-түрыс нормалары арқылы топ мүшелерінің кірігуін сақтап қалу мақсатында жеке адамды сол нормалардан таймауға мәжбүрлеиді.

Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат алды. Ерте орта ғасырда өмір сүрген Аврелий Августин өзінің абсолютті сұлулыққа деген көзқарастырымен бөлісіп, қоғам арасында түрлі пікірлердің пайда болуына алып келген еді.

Жалпы алғанда, антикалық эстетика эстетикалық тұжырымдамалардың циклдік дамуы ретінде сипаттауға болады: Пифагор , ол ғарыштың түсінігін ретке келтірілген бірлік ретінде енгізеді(Б. Д. Д. 6 ғасыр), Платонның атропологиялық эстетикасы мен идеалистік ілімін жасайтын софистер.

Нигилизм- қоғамда қалыптасқан мəдени мұраларды, құндылықтарды, діни-моральдық нормалар мен т.сініктерді қайта қарауға , жоққа шығаруды білдіретін ұғым