Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын ислам дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен
Абай Құнанбаевтың эстетикалық ойлары жазба әдебиетіміз бен рухани мәдениетіміздің 19 ғасырдағы тарихи шындығы аясында дамыды. Ол қазақ әдебиетінде тұңғыш рет табиғат пен адамның сұлулығын нақтылап айқындады. Абайдың қарасөздерінде көрініс тапқан эстетикалық көзқарастар қазақтың көркем мәдениетін жаңа деңгейге көтерді. Оның «Құлақтан кіріп бойды алар», «Құр айғай бақырған» деген өлеңдерінде әннің, күйдің адам сезіміне әсер етер қуатты құдіреті, шипалы шапағаты көркем суреттеледі.
Ләззaт деген сөзді Aбaй көбіне эстетикaлық мaғынaдa қолдaнaды. Ләззaт – сезім aрқылы туғызaтын зaттaрдың, құбылыстaрдың эстетикaлық қaсиеттері. Бірaқ бұлaр әлі жеткіліксіз.