Ежелгі дәуір тіл білімі.
Қоғам тарихының көне дәуірі де, жазу мен ғылымның алғашқы бастамалары да Таяу Шығыста, Месопотамия мен байырғы Египетте басталғанымен, олардан қалған тілге байланысты еңбектер біздің заманға жеткен жоқ, сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі деген Көне Қытай, Үндістан, Грек-Рим заманынан қалған, біздің заманға жеткен жазба нұсқаларға байланысты қаралады
-
Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталған.
Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций (Кун-Цзы).
Біздің заманға жеткен сондай сөздіктердің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі қытайша "Эрья" деп аталатын сөздік.
Қытай - мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел.
-
Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған "Веда" деп аталатын жазба ескерткіштері болған.
Бұл "киелі" жырлар тілінде сол уақытағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және "Веда" тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен "Веданың" тілін зерттеген.
Бұл зерттеу төрт түрлі бағытта жүргізілген:
а) дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу;
ә) жырдың құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу; б) грамматикасын зерттеу;
в) жеке сөздердің тіркесін және оның мән-мағынасын яғни лексикасы мен этимологиясын зерттеу.
Яска біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырда өмір сүрген. Ол - "Веда" тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік жазған адам.
Панинидің біздің дәуірге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған «Аштадхьян» (грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини "Веда" тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген.
Үнділер синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген. Ежелгі Үндістан тіл білімінде морфологиядан кейінгі мол зерттелген сала - фонетика.
Үндістан тіл білімінің тарихын сөз ете келіп, В.Томсен: "Үндістан тіл білімінің көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, еуропалық тіл білімі XIX ғасырға дейін көтеріле алмады", - деп жазады.
Ежелгі Греция тіл білімі
Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ф.Энгельстің: «Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргі Еуропа да болмас еді»,- деген сөзін тіл біліміне байланысты да айтуға болады
Тіл мәселелеріне байланысты бұл елден біздің дәуірге жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі Ү ғасыр шамасынан басталады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Греция тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырының тілін зерттеуден басталыпты.
Көне заманнан сақталған бұл дастан тілінің көп жері гректердің сөйлеу тілінен мейілінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары соны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған.
Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері - атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.
-
Грамматистердің Александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін дамытушылар: Аристарх Самофракийский (б.д.д. 200-150 ж), оның шәкірттері Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (біздің заманымыздың II ғасыры) болды.
Аристарх тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген.
Рим тіл білімі.
Рим грамматистері ішіндегі ең көрнектісі - Варрон (жыл санауымызға дейінгі I ғасырда өмір сүрген), кейінірек Донат (ІҮ ғасырда) болды. Бұл өкілдер латын тілі грамматикасын жазды.