Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Лингвистикалық ілімдер тарихы - Coggle Diagram
Лингвистикалық ілімдер тарихы
Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua – тіл) — әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Сыртқы лингвистика
Cыртқы лингвистика (Экстралингвистика) - этникалық, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік, географиялық және басқа да факторларды тілді қалыптастыру мен дамытуды үзіліссіз байланыстыру ретінде жиынтықты зерттейтін тіл білімінің саласы. Ішкі лингвистикаға қарама-қарсы
Ішкі лингвистика
Ішкі лингвистика - сыртқы лингвистикалық факторға қатысы жоқ тілдік бірліктің қатынас жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лингвистика тарихы
Ежелгі Қытай тіл білімі. Қытай - мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімі тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытайдағы тіл білімі XIX ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған. Тіл ғылымы тарихында өзіндік дәстүр қалыптастырған. Бірақ қытай тіл білімі әлемдік тіл ғылымына мәнді үлес қосқан жоқ, ұлттық шеңберден шыға алмады. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталған.
Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций (Кун-Цзы).
Ежелгі Үндістан тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан тіл білімі бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған "Веда" деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Біздің дәуір алдындағы ҮІ ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де сондай санаушылық бар көрінеді
Ежелгі Греция тіл білімі. Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ф.Энгельстің: «Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргі Еуропа да болмас еді»,- деген сөзін тіл біліміне байланысты да айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланысты бұл елден біздің дәуірге жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі Ү ғасыр шамасынан басталады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Греция тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырының тілін зерттеуден басталыпты.
Орта ғасыр тіл білімі
Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-Ү ғасырлар арасы. Бұл - құлдық дәуірінің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) ҮІ-Х ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы; б) ХІ-ХУІ ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта "қайта өркендеу дәуірі" деп аталатын кезең.
Араб тіл білімі. Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. Бұлардың жазбалары ІҮ ғасырлардан басталды. Арабтар тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық арабтарда тіл білімінің ерекше дамыған көзі - Халипат дәуірі деп аталатын ҮІІ-ХІІ ғасырлар шамасы. Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттаудың араб тіл ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашу арқылы жүргізді. Олар сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтіи Нахв, сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін - Таджвид деп аталатын бөлімдер
XIX ғасыр тіл білімі
Кеңістік тіл білімі
5 more items...
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған.
Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады. Ол түркі тілдерін қыпшақ, оғыз, түркі деп аталатын үш топқа бөліп зерттеді.