Этнос табиғатын, толық танып-білуге қажетті тілдік фактілерді, сол фактілердің қабатында, астарында жатқан этно-лингвистикалық деректерді «ізіне түсу, түп-тамырымен қопару» арқылы сөйлетуге болады. Әрбір зат пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің тура, айқын мағыналарын ғана емес, олардан тараған туынды мағыналардағы астарлы ойларға үңілу де абзал. Өйткені, негізгі мағына мен туынды мағыналар арасында ажырамас байла-ныс бар. Мәселен, қазақ тілінде малдың дене мүшелеріне қатысты фразема-лар көптеп саналады: бота тірсек, ат құлағы көрінбейді, ат кекілі кесісті, ат тұяғы тимеген, қой тұяқ жамбы, ат басын тартпау, ат құлағында ойнау, сиырдың бүйрегіндей бытырау, түйе табанын сояды, ат маңдайы аумай, ат жалын тартып мінді, ат құйрығын шарт түйді, қозы құйрық қылды, қой мойынды, тілі буылған өгіздей, мал құлағы саңырау, бұзау тіс, қой көз, қошқар тұмсық, ат бауырында алды, ай мүйізді қошқар, қой тіс, бұқа мойын, ат жақты, аттың жалы, түйенің қомы, тана көз т.б.