ҚАБАҒЫ АШЫЛМАЙТЫН— Тұнжыраңқы, мұңды.
ҚАБАҒЫ ТҮЮЛІ — Біріне қатуланды, ренжігенін бірге білдірді.
ЖАУ ҚАБАҚ — Түсі суық, түксиген қабақ.
КЕР ҚАБАҚ — п о э т. Кер, тәкаппар.
ҚИЫС ҚАБАҚ — Қырын қабақ, жаратпаған сыңай\
.
КІРПІ ҚАБАҚ— Түксиген, ашулы кейіп, түр. Айыр сақал дайыр қара ғана к і р п і қ а б а ғ ы н а н ашу шақырып, көкжиекке түйіліп қалған (Ә.Кекілбаев, Дала.)
КҮРЕҢ ҚАБАҚ — Көңілсіз, ренішті, тұнжыр, түнерген.
ТҮКТІ ҚАБАҚ— Қатулы, ренжулі, жаратпаған кейіп.
ҚИҚАР ҚАБАҚ— Қыңыр қабақ, тоң-торыс, қатулы.
ҚОҢЫР ҚАБАҚ— Салқын қабақ; кейіс.
ҚЫРАН ҚАБАҚ— Қабағы түксиген, сұсты