Әдеби стиль мен үрдіс

Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі)

«Әдеби үрдіс» – әдебиеттің әлемдік, аймақтық, ұлттық көлемдегі белгілі бір кезеңін, сондай-ақ тұтастай тарихын қамтитын туу, қалыптасу және дамуынан тұратын тарихи қозғалыстағы ағым.


Көркем әдебиет оқиғаны сурет бейнесінде баяндайды: оқиға , кейіпкерлердің іс - әрекеті , сөзі, мінезі , келбеті қатысып баяндалады. Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай:


  1. Образды сөздер мол қатысады
    2.Экспрессивті сөздер мол болады
  2. Мәтінге ритм , интонация әсерлілік құру үшін көп жұмсалады
  3. Шығарма тартымды болу үшін синоним сөздер , грамматикалық амалдар көп жұмсалады.

click to edit

Шығарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді. Мысалы:

Азуы — алмас, тілі — у,

Арам көңіл, ала ту,

Кең жемсаулы, кең қарын,

Найзадай түйреп қолдарын

Қорқау қасқыр — “жан” жүрді1.

С. Мұқанов осы бір шумақта бұқара халықты рақымсыз езіп, жаншып, өктемдігін жүргізген қиянатшыл заманның мейірімсіз өкілдерінің жиренішті кескін-кейпін ұтымды теңеу, эпитеттер ар-қылы оқушынын, көз алдына елестетеді.

Әр жазушының өзінің жеке стилі болған. Мысалы Сәбит Мұқанов ағамыз ешқашан аш болған кезінде қолына қалам алмаған. Ол кісі асын жақсылап ішіп алып содан соң өз жұмысына кіріскен. Дәл осы сияқты әр жазушының өзіне тән ерекше стилі бар

Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.

Шығарманың көркемдік, өзіндік бітім-болмысын айқындауда жазушы қолданған тілдік құралдың әрқайсысының орны ерекше. Көркем шығарма тілінде кез келген тілдік құрал орынсыз қоданылмайды.

Біздің ойымызша , әдеби стильді әдеби шығармалардың деңгейі мен ерекшеліктерін танытатын жазу құралы деуге болады. Бұл стильде ғылыми немесе ресми іс-қағаздар стильдеріндегідей талдау, ресмилік және пікірталас тудыру секілді ойлар мен жоспарлар мүлде болмайды.

click to edit

Кез келген стильде өзіндік бір бейне беретін, тек сол стильге ғана тиесілі элементтер болады. Сәйкесінше, әдеби стильдің көркемдік ерекшелігін танытатын элементтер мыналар:

  • Нақтылай көрсету (дәйектеу)
  • Автордың эмоция мен сезімді оқырманға бере білуі
  • Эпитеттер
  • Метафоралар
  • Салыстырулар
  • Аллегориялар
  • Өзге де стильдердің элементтерін қамту
  • Инверсия жасау.

Аталған элементтердің барлығы дерлік бір әдеби шығармада қамтылмауы мүмкін және ол міндетті емес те. Себебі ешбір шығарма осындай ауқымды әдеби білімге негізделіп жазыла қоймайды. Дегенмен белгілі бір элементтерінің қолданылуы заңды. Онсыз шығарманың әдеби стильге жататынын анықтауға келмейтіні рас.