Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Көркем шығарманы әдеби талдау мәселелері, :, . - Coggle Diagram
Көркем шығарманы әдеби талдау мәселелері
Көркем шығарма – нағыз суреткер әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма – бір жазушы келесіндегі ғана емес, бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға дейтін болсақ, образ – осынау өнер туындысындағы көп тұлғалардың бірі.
Жалпы көркем шығарманы талдау үлгісінің 2 түрі бар
ПРОЗАЛЫҚ
Прозалық талдау дегеніміз белгілі бір шығарманы талдау үлгісі.Прозалық талдау жалпы 10 сатыға жіктелген
1)Жазылу тарихы
2)Әңгіменің тақырыбы
3)Әңгіменің идеясы
4)Әңгімеде көтерілген негізгі әлеуметтік мәселе
5)Оқиғаның орны мен мезгілі
6)Негізгі жағдаяттар
7)Кейіпкерлер
8)Әңгіменің сюжеті мен композициясы
9)Пейзаж,портрет,кейіпкер арасындағы әңгіме
10)Әңгіменің қазақ және әлем әдебиетінен алатын орны
ПОЭЗИЯЛЫҚ
Ал Поэзиялық талдау дегеніміз белгілі бір қара өлеңді талдау үлгісі.Поэзиялық талдау 8 сатыға жіктеледі:
1)Жазылу тарихы
2)Жанры
3)Идеялық мазмұны
4)Өлең құрылымы
5)Негізгі тілдік құралдар
6)Негізгі әдеби көркемдегіш құралдар
7)Интонациялық синтаксистік сипаты жағынан тілдік ерекшелігі
8)Қазақ және әлем әдебиетіндегі алатын орны
1 мәселе
Оқушылар көркем шығарманы талдау барысында образ табиғатына,көркем бейне характерінің қалыптасу жолдарына,шығарманың сюжеттік желіліері мен композициялық құрылымының атқарар қызметіне жете мән бере қоймайды.Соның салдарынан берілген шығармаға дұрыс талдау жасай алмай,қателікке ұрынады
2 мәселе
Мұғалімлердің басым көпшілігі оқу материалдарын көркем туынды түр мен мазмұн бірлігінде талдай білмейтіндіктері,кейіпкерлер жүйесін шығарманың тақырыптық идеясын ашуға қарай саралай білмейтіндіктерінің салдарынан жоғарғы сынып оқушыларының оқу бағдарламасы талаптарын орындамауына,көркем шығармамен өздігінен жұмыс істей білмеуіне,соның нәтижесінде олардың білім деңгейінің төмендеуіне апарып сокты)
Бұған дәлел ретінде 2009 жылдың 27-28 мамырында өткен Мемлекеттік тілді халықаралық стандарттар деңгейінде оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері атты Республикалық оқу-әдістемелік семинарда,сол жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен әдеби білім мазмұнын жетілдіруге байланысты өткен Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияда еліміздің әр түкпірінен келген мұғалімдер өз баяндамаларында КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ орта мектепте жүйесіз жүргізілетіні,осы уақытқа дейін оң шешімін таппай отырғанын айрықша атап айтқанын келітіре аламын.
Бүгінгі таңда баланың шығарманы жатқа немесе мазмұнын айтуы – білу, түсіну деңгейі ғана… Бұл екеуі ойлау деңгейінің ең төменгі сатылары. Мұғалім баланы қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейіне жеткізуі тиіс. Осыған орай шығарма қалай талдану керек деген мәселеге аз-кем тоқталып өтсек… Айталық, 5 сынып бойынша қазақ әдебиеті пәнінен 11 шығарма қамтылған. Бірінші тақырып «Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспарда 5 сағат берген. Бұл жерде түсіну жауап беру бойынша:
1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.
2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.
5.Қорытынды жасап балаға тиісті және ынталандыратын баға беру керек.
Осылай бір көркем шығарманы 5 сабақ бойы жақсылап талдаса бұл мәселе түбегейлі жойылады.
:
.