Қыз қашар - күйеудің «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруін «қыз қашар» дейді. Бұл ұрын тойы өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасатын болған. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін-бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін-бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні-қарындастарына да түрлі сыйлықтар беретін болған. Ол қызды біреу айттырып келсе, Ұлпан жапа-жалғыз қалады . Бұл мысалдағы фразеологиялық тіркес қыз айттыру. Жалпы қыз айттырудың тәртібі, Есім деген ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді. Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. Тұқымында, тегінде ауруы бар отбасының қыздарына сөз салмаған. Лайықты адамдарға әдейі барып балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, құда болу ниетін білдіретін қазірге дейін жалғасып келе жатқан дәстүр.
-
Ұрын келді – айттырған қызға тойдан бұрын күйеудің жеңгелеріне деген сыйлықтарын алып, қыздың аулына жасырын келу мағынасында. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында «ұрын келуге» байланысты мынадай мысал келтіреді.
Осы байлаумен қатар, Құнанбай енді Ұлжанның басқа екі баласы туралы да жаңалық айтты. Оның біреуі – Тәкежан туралы. Былтыр ұрын барып келген Тәкежан енді осы жақында үйленбек. Қайны болса, бар малын алған.
ҚАЛЫҢДЫҚ ОЙНАУ — ұрын келгеннен кейін күйеу жігіттің қайын жұртына келіп-кетіп, қалыңдығымен кездесіп жүруі. Қыз әкесіне қалыңның келісілген бөлігі берілген соң, күйеу жігіт қайын жұртына ұрын келуге рұқсат алады ,«қалыңдық ойнауға» мысал келтіретін болсақ, оның көрінісін С.Көбеевтің әңгімелерінен көре аламыз. Мысалы:
Енді шалқасынан жатып, бозбала кезіндегі қалыңдық ойнағаны есіне түсіп, енді заман сондай болар ма екен деп тәтті қиялда жатып, талығып көзі ұйқыға кетті.
Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 800 б.
-