Лексикографияның тарихында әдебиет, өнер, мәдениет және ғылымның даму заңдылықтары байқалады. Лексикографияның теориясында тарихилық, даму ұстанымдары ескерілуі қажет. Лексикография теориясының негізгі мәселелерінің бірі – сөздіктің түрлері. Ю.Н.Карауловтың көрсетуінше, сөздіктің түрлері өзара бір-бірімен байланысты төрт координат жүйесінде көрінеді: лингвистикалық, психологиялық, әлеуметтік және семиотикалық.