Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабай (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) — алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.
Мағжан – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді.
Ерекшелігі:
Мағжан қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. М.Жұмабаев поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.
Еңбектері:“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”“Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”,“Туған жерім – Сасықкөл”“Жарыма”, “Есімде… тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, “Шолпы”“От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, және т.б.