Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘДЕБИ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ОЙЛАР - Coggle Diagram
РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘДЕБИ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ОЙЛАР
Ы. АЛТЫНСАРИН
Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде.
Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек.
Әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде.
.Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.
Н. ЧЕРНЫШЕВСКИЙ
Ойдың алғырлығы, қайраттың іскерлігі бәрінен де мәндірек.
Әділдік адам іс-әрекетінің нормасы болуға тиіс.
Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім.
М. ҚАШҚАРИ
Еріншекке есік те асу көрінер.
Жалқауға бұлт та жүк көрінер.
Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды.
Белгісі болса – жолдан жаңылмас,
Білімі болса – сөзден жаңылмас.
Бақыттың белгісі - білім.
Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың.
С. СЕЙФУЛЛИН
Адам - керуен, өмір жол
Адамның жайын ауылдасы білмейді, істесі біледі.
Оқу - білім қазығы,
Адамның азығы
Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…
Д. ПИСАРЕВ
…арманның іске талаптандыратын пайдасы...адамның қуатын көтермелеп, күшейтіп отырады.
Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, онан да көп оқу керек.
Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін.
ЛЕВ ТОЛСТОЙ
Өміріңдегі ең басты ісің — қазіргі істеп отырғаның,
Өміріңдегі ең басты адамың — қазіргі сөйлесіп отырғаның.
Құдайдың өзі махаббат, басқаларды жақсы көретін адам әрдайым Құдаймен бірге, Құдай да сол адаммен.
Сұлулық – әйелдің бақыты, қадіріне жетпесе - соры
Балаларым менің! Сөзбен, тілмен емес, ісімізбен және барынша иманымызбен басқаларға махаббатымызды ашайық.
А. ИАСАУИ
Парықсыздар өздері жақсы-жаманның не екенін білмей жатып,
мәнсіз біреулерді жер-көкке сыйғызбай мақтайды.
Нақақ жалаға қол қойған қазы, имандар өздері шығарған үкімдердің астында қалады.
Ғайбат айтып әркімдерді тілдеу – надандық.
Ақ көңіліңмен Алла дегеніңді Тәңірі біледі.
Таңдап тәтті жегендер де, атлас-қамқа кигендер де, алтын таққа мінгендер де бір күн жермен-жексен болады
.
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп…
Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.
Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал.
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.
М. ДУЛАТОВ
Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма? Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.
Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
Әркім өз қолынан келгенше жомарт.
Артықтан тағылым ал, кемге – үйрет.
Ж. БАЛАСАҒҰН
Ақын сөзі қандай үлкен жанды да,
Масқаралар халайықтың алдында.
Ұққың келсе нәзік, ұшқыр сөздерін,
Естіген әр сөздің тінін көздегін.
Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жүрек, еңсе
Тілімді алсаң, ақындарды ұқ әуелі,
Ұғынықты сонда әр жырдың әуені.
Ұлы ақын ба, әлде көптің бірі ме,
Байлама тас ешбірінің тіліне.
А. ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
Ішсем, жесем, ұйықтасам — тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен — жан құмары.
Уайым-қайғының ішіне кіріп алып, шығар есін таба алмай қамалып қалу — антұрғандық.
Балаларым менің! Сөзбен, тілмен емес, ісімізбен және барынша иманымызбен басқаларға махаббатымызды ашайық.
Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.
М. ЖҰМАБАЕВ
Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады.
Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.
Адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты — өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу.
Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.
А. ИҮГІНЕКИ
Кімнің досы жақсы болса, өзі де жақсы болады.
Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл.
Қарапайымдылық — жасыл алқап.
Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.
Әдептің басы - байқап сөйлеу.
Тіліңді тый – тісің сынбайды.
Ш. УӘЛИХАНОВ
Қазақтар - жақсылықтың қадірін білетін халық!
Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.
Тіршіліктің ішкі-сыртқы жағдайларын жақсартуға талпыну адам баласына тән нәрсе...
Л. ТОЛСТОЙ
Өміріңдегі ең басты ісің — қазіргі істеп отырғаның,
Өміріңдегі ең басты адамың — қазіргі сөйлесіп отырғаның.
Құдайдың өзі махаббат, басқаларды жақсы көретін адам әрдайым Құдаймен бірге, Құдай да сол адаммен.
Сұлулық – әйелдің бақыты, қадіріне жетпесе - соры
Балаларым менің! Сөзбен, тілмен емес, ісімізбен және барынша иманымызбен басқаларға махаббатымызды ашайық.
ӘЛ-ФАРАБИ
Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.
Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.
Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.
Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.
Ж. АЙМАУЫТОВ
Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді.
Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер.
Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен.
Мақтаншақ кісі - менмен кісі,
Менмендік - адамның міні.
В.Г.БЕЛИНСКИЙ
Ғылыммен, өнермен және ғасырлар бойы өмiр тәжiрибесiмен толыққан ақыл күштi де жеңедi.
Кітаптар — тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде тәрбие жоспарына енуге тиіс.
Өз Отанының азаматы бола алмаған, адамзат санатында бола алмайды.
Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі — барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы.
Н. ДОБРОЛЮБОВ
Басқа халықты жек көретін адам өзін жақсы көрмейді.
Тірі, белсенді патриотизм кез келген ұлтаралық дұшпандықты жоққа шығаратындығымен ерекшеленеді және осындай патриоттық рухтанған адам, егер оған пайдалы бола алса, бүкіл адамзат үшін жұмыс істеуге дайын.
Егер сіз адамдарда шынайы, терең, мүдделі емес сенімнің мүмкіндігін жоққа шығарсаңыз, онда сіз өзіңіз ешқандай наныммен таныс емессіз деген қорытынды жасай аламын.
М. ӘУЕЗОВ
Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.
Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.
Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.
С. СӘДУАҚАСОВ
Адамды бұзып бітіргеннен де, оған ешнәрсені оқытпағанның өзі артық. Егер дұрыс оқытамыз десек, оған жақсы кітап керек.
Қазақтар рухани жағынан өте дарынға бай халық болып келеді. Тілінің үні көркем.
Дұрыстап білім алу үшін дұрыстап еңбек ету керек. Еңбексіз – білім қонбайды. Еңбек, білім – бұл екеуі ағайынды бала.
Кемшілікті айту – ұят емес, бар кемшілікті жоқ деп, одан құтылуға тырыспау ұят.
Әр жұрттың өз басына бір ауруы бар. Біздің ауруымыз – ел ішіндегі ру партиясы.