Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Ресей мен Қазақстандағы әдеби-эстетикалық ойлар - Coggle Diagram
Ресей мен Қазақстандағы әдеби-эстетикалық ойлар
Виссарион Григорьевич Белинский
орыс әдебиетшісі,көптеген драммалар жазған
Кітаптар-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде тәрбие жоспарына енуі тиіс
Өз Отанын жан тәнімен сүю-адамшылықтың асқар шыңы
Егер адам тұла бойы түгелімен жалғандыққа берілсе,ақыл-ой талантынан айырылатыны анық
Николай Гаврилович Чернышевский
Ресей философы,публицист,жазушы,әдебиет сыншысы
Дөрекі болу-өз қадіріңді ұмыту деген сөз
Сүйіспеншілікпен жұмыс істейтін адам әр шығармаға поэзияны қосады
Өміріңді жақсарту қажеттілігі міндетті түрде ақыл-ой еңбегін қажет етеді
Дұрыс және пайдалы болу үшін тек адалдық жеткіліксіз,бізге де идеялардағы жүйелік қажет
Добролюбов Николай Александрович
орыс сыншысы,публицист
Тек еңбек өмірден ләззат алуға құқық береді
Бірінші кездескен адамға ұнау үшін көзқарасын өзгерткен адамды қоқыс,арам,ешбір сенімсіз деп танимыз
Басқа халықты жек көретін адам-өзін жақсы көрмейді
Адам табиғаттың қойнында емес,күнделікті тәжірбиенің құшағында сабырлы болады
Дмитрий Иванович Писарев
орыс публицисті және әдебиет сыншысы,аудармашы,рволюционер-демокер
Өте аз адамдар,тіпті ең маңыздылары; МЕН БІЛМЕЙМІН деп қарапайым және ашық айта алады
Сөздерді дұрыс қолданбау ой өрісінде,содан кейін практикалық өмірде қателіктерге әкеледі
Граф Лев Николаевич Толстой
орыс жазушысы,ағартушысы,публицисті және ойшылы
Білімнің санынан гөрі сапасы маңыздырақ,Көп нәрсені біле тұра,ең маңызды нәрсені білмеу-білімді пайдасыз етеді
Тіпті сәбилермен де шыншыл бол,Оларға өтірік айту арқылы жалған сөзге тәрбиелейміз,Балаларды тәрбиелеудің жалғыз жолы-олармен шыншыл болу
Өмірде ешнәрсе тектен-тек болмайды
Ахмет Байтұрсынұлы
қазақтың ақыны,әдебиет зерттеуші ғалым,түркітанушы,публицист,педагог,аудармашы,қоғам қайраткері
Ұлт ұстазы
Көркем сөз-көңіл тілі,Жалаң сөз-зейін тілі
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады
Сөздің ең ұлысы-тарих
Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға да қажет
Жүсіпбек Аймауытұлы
қазақтың көрнекті жазушысы,драматург,публицист
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өніп-өсіп ,түрлене беретін ,мәңгі құламайтын бәйтерегі
Баланы бұзуға түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге
Адамада аз да болса бір үміт,бір таяныш болу керек.Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек?
Мағжан Жұмабаев
алаш қозғалысының қайраткері , ақын ,қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы
Адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты-өзін-өзі тексеру,өз қатесін көре білу,келешекте сол қателікке жол бермеу
Тәрбие-кең мағынасымен алғанда қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық,беріп сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз
Жалпы адамзаттың жақсылығына сену-адамгершіліктің ең биік белгісі
Міржақып Дулатұлы
қазақтың аса көрнекті ағартушысы қоғам қайраткері ақын жазушыжалынды көсемсөз шебері
Халықтың жайын салтын рәсімін тілін білмейтін сот-сот емес сор
Ар-намыс махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат,тәрбиелі болуға тиіс
Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт,өзінің тарихын ұмытқан ел-қайда жүріп,қайда тұрғанын,не істеп қойғанын білмейді,келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді
Cәкен Сейфуллин
қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы,ақын және жазушы,қоғам,мемлекет қайраткері
Адам-керуен,өмір-жол
Адамның жайын ауылдасы білмейді,істесі біледі
Қазақ елі жалқау ел.Заманнан кейін қалған ел.Бірақ сен жалқау екенсің деп жүріп бара жатқан заман тоқтап тұрмайды
Кеңсе тілі қазақша болмай,іс оңбайды..,
Мұхтар Әуезов
қазақтың ұлы жазушысы,қоғам қайраткері,ғұлама ғалымы
Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса,ел болғаның қайсы?
Өз топшылауым бойынша,адамның қай мінезі қасиетті болса, міні де болады
Берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле
Тумай жатып-толдым деме.Толмай жатып-болдым деме
әл-Фараби
көрнекті ойшыл,өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым,философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы
Музыканың негізгі міндеті-адамның эстетикалық қажетін өтеу
Музыка-рухтың,құмарлық пен ынтызарлықтың,әр алуан көңіл күйдің ісі
Талпыныс тәжі-табандылық
Махмұт Қашқари
түркінің тұңғыш тіл маманы,түркі тілінің оқулығын жасаған,грамматикасын түзеп,жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп,өркенін өсірген ғұлама
ақылмен арыстан ұстауға болады,ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың
Дос адам маңайыңды жұмақ етер
Сараң санға қосылмас
Жүсіп Баласағұн
ақын,ойшыл,ғалым,Ұлы Хас Хажиб
Ұлы ақын ба,әлде,көптің бірі ме,Байлама тас ешбірінің тіліне
Фқын сөзі-жүрегімен сенсе шын,Көтереді бишараның еңсесін
Шайырлар бар сөзден кесте тігуші, Кісілерді мақтап,даттап-сөгуші
Ахмед Иүінеки
ортағасырлық ақын,хакім,ойшыл
Тіліңді тый-тісің сынбайды
Қарапайымдық-жасыл алқап.Адамгершілік онда өскен гүл сияқты
Кімнің досы жақсы болса,өзі де жақсы болады
Ердің жүзін күйдіретін нәрсе-тіл
Абай
ақын-ағартушы,жазба қазақ әдебиетінің,қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,философ,композитор,аудармашы,саяси қайраткер
Көрсеқызар,күнде асық-дуаналық
Қулық та-бір дерт
Қиыны бұл дүниенің-қолы тарлық
Көп айтса көнді.Жұрт айтса болды-Әдеті надан адамның
Ыбырай Алтынсарин
қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы,жазушы,этонграф,фольклоршы,қоғам қайраткері
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе-бұлар адамгершілік қасиеттер
Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады
Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай -ғылым,білім беру жүйесі сақталуы қажет
Шоқан Уалиханов
шығыстанушы,тарихшы,фольклоршы,этнограф,географ,ағартушы
Қазақ сөзі-әскери термин ретінде қолданылып,ержүрек,батыл деген мәнді білдіреді
Қызғаншақтық-сыртқа шықпай қоймайтын ішкі былық
Тіршіліктің ішкі-сыртқы жағдайларын жақсартуға талпыну адам баласына тән нәрсе...
Қожа Ахмет Ясауи
Түркістандық ғұлама әулие
Ынтасыздың күні қараң
Кекірейген кердеңнен қаш
Нәпсіге ерген адам адасады. Енді жатса да,тұрса да оның жолдасы-шайтан
Заман азар уағында-патша айналар залымға