Білім мен ақыл туралы
Сократ бойынша «толып тұрған білімнің бәрі ақыл емес, білімділердің бәрі ақылды емес». Сократ: «білім алу мақсаты – адамның жетілуіне және игілікті өмір сүруіне көмектесу» дейді. Сократ өмірде кедей өмір сүрген және қарапайым тұрған адам, даналыққа үйреткені үшін де, оқытқаны үшін де шәкірттерінен ақы алмады. Сократ дана: «Бір ғана игілік бар – ол білім, бір ғана зұлымдық бар – ол надандық» деп түсінді, ал « атаққұмарлық жамандыққа ұрындырады» деп санаған.
Сократ «ақылды» және «ақымақ» деген түсініктер жіктемесін енгізді, ол: « ақылы арқылы адам өзінің күш жігерін, қайратын, құмарлығы мен әуестігін бағындырады, адамға біткен «табиғи бастауларды» жетілдіреді, тұлғаға айналады», «адам бойындағы жүріс- тұрыс, мінез -құлық бәрі де ақылды болу керек», «ақылды жүріс- тұрыс, ақылды мінез –құлық»(этикалық норма) Сократ бойынша: «адамшылық жүріс - тұрыс, адамшылық мінез –құлық» (мораль) тең синонимдер. Сократ бойынша: «ақыл мен адамгершілік әрқашан бірге жүреді».