Рене Декарт (1596—1650) өзінің дүние танымы жағынан философиядағы рационализмнің негізін салушы екені мәлім: “Ойлаймын екен, демек, тірі екенмін” (Декарт). Табиғат тану, қоғам тану, әдебиет тану, өнер тану дегендердің бәріне Декарт өзінің осы ережесін методологиялық барыт етіп ұсынды. Өнер мен әдебиет туындыларындағы сұлулықты Декарт ең алдымен ондағы бүтіндік пен бірлікте, симметрия мен гармонияда деп білді.