Ведалар төрт жинақтардан тұрады: Ригведа - әнұрандар (гимндер) кітабы; Самаведа - "Әуендер, әндер Ведасы" кітабы; Яджурведа - "Құрбан шалу, ниет білдіру формулаларының Ведасы"; Атхарваведа – үндеулер кітабы.
Осылардың ішінде ең құндысы және өте көнесі Ригведа болады. Ол 10 мандалдардан (циклдерден) тұратын 1028 әнұрандарды қамтиды, бұларда бірқатар космогониялық (дүниенің пайда болуы туралы, табиғаттың кейбір құбылыстары туралы) әнұрандар баяндалған. Құдайларды мадақтайтын мифтер шешуші орын алады.Үш мыңнан асатын антропоморфтық (адамдар пішіндік) құдайлар аталған (Агни, Брихаспати, Вайо, Вишну, Индра, Митра, Сурья, т.б.). Салттық дәстүрлер, адамның психологиялық ерекшеліктері туралы жекелеген білімдер баяндалған. Түптеп келгенде, Ригведа діни және дүниетанымдық-философиялық елестер мен түсініктер түрінде ертедегі индийцтердің әлеуметтік қатынастарының бейнесін (картинасын) береді.